Жаттыѓу ж¦мысы


 Грамматикалық жаттығулар



Pdf көрінісі
бет26/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

5. Грамматикалық жаттығулар 
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Тақырып 
түсіндірілгеннен кейін жатығу жұмыстары орындалады. Әрбір ұстаз 
оқушылардың 
қажетті 
дағдыларын 
қалыптастыратын 
және 
қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да құбылыстарына қолдана алатын 
жаттығу әдістерін білгені жөн. 
Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін 
практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады: біріншіден, 
оқушының білімін нақтылайды, нығайтады, екіншіден, өздігінен 
жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. 
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды талдауға 
қойылатын талаптар туады. Материал таңдауда әсіресе мына 
жағдайлар ескеріледі: 
1. 
Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды 
түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар 
алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін ережеден басқаға 
алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар тілдік материалдар 
бойынша бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай 
болсын. 
2. Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу 
жан – жақты ескерілгені жөн және бұрын өтілгендерді қайталап отыру 
қажет. 
3. Жұмыстың әр түлі кезеңдерінде біртектес материалдарды 
қайталап отыру дұрыс болмайды. 
Қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері, дағдысы есепке 
алынып, бағаланады. Бағалау жолдары: 
1.
Бір сабақтың негізінде бағалау. 
2.
Бірнеше сабақтың негізінде бағалау. 
3.
Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау. 
Ұстаз жаттығу жұмыстарын грамматика – стилистикалық бағытта 
ұйымдастырады. Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика – 


30 
стилистикалық талдау жасауға болады. Оқушылардың назарын 
сөйлемнің құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай 
ерекшелікпен көрінетінін, қандай стильдік қателер барын байқатады. 
Грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап 
білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны 
жөн. Оқушыны қалайда сол ережені өзінің түсінігінше айтып беруге 
дағдыландыру қажет. Оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша 
талдату жұмысы оқушының ой - өрісін дамытумен қатар, ойын жүйелі 
айта білуге дағдыландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет