32
бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен
қосымша жігіндегі ілгерінді,
кейінді ықпалдар табылады, екпін
қойылады).
Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:
1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту
кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын
орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру,
жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.
Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда
өздігінен жұмыс істеу
дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін
кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша
жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа
баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді.
Ана тілінен алған теориялық білімін
мысалдар арқылы талдау
процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай
жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса,
екіншіден
олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін
күшейтеді.
Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі – сатылы басқыштар
бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша
жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е.
Исабаев [5, 112].
Мысалы, 1-карточка Дауысты дыбыстар
Достарыңызбен бөлісу: