Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
ауызша және
жазбаша талдау. Жаттығуды ауызша талдауда
мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырылған
материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың
анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б) орындалатын
жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын
материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болғаны дұрыс.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынадай
дағдылар қалыптасады: 1)оқушылардың білімі бекітіледі; 2) есту
қабілеті дамиды; 3) сенімділік қабілеті нығаяды; 4) байқау қабілеті
тұрақталады.