Жаттыѓу ж¦мысы


түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына



Pdf көрінісі
бет35/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына 
қарай
ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау 
болып екіге бөлінеді. 
Орындау тәсіліне қарай
түсіндірмелі талдау да 
екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.
Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар 
қойылады: а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп 
болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам 
болуы қажет; б)орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы 
керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы 
түсінігі болуы абзал. 
Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге 
болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап 
отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген 
тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. 
Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар 
аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас 
мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап 
түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты 
дағдылар дамиды:
1)
оқушылардың білімі бекітіледі; 
2)
есту қабілеті қалыптасады; 
3)
сенімділік қабілеті нығаяды; 
4)
байқау қабілеті дамиды. 
Ауызша және жазбаша өтілетін талдаулар жүргізу орнына қарай 
тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада 
орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдалынады. 
Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері 
орындалады. 
Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:жаттығудың 
нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік 
белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне 
байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында 
отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып
дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе 
күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. 


36 
Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. 
Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға 
жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын 
орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын 
сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады. 
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік 
материалдармен 
жұмыс 
жасауына 
қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет