Жаттыѓу ж¦мысы


 Грамматикалық, орфографиялық талдау



Pdf көрінісі
бет34/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

6.2 Грамматикалық, орфографиялық талдау 
 
Бұл 
оқушыларды 
грамматикалық 
және 
орфографиялық 
құбылыстардың 
ара-қатынасын 
түсінуге, 
орфографиялық 
қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге 
дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа 
жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі және бұл 
сөздер бірнеше мәтіндерде қайталанып отырылады, бұл материалды 
тыңғылықты игеруге септігін тигізеді. Жаттығулардың ішінде әсіресе 
сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің 
орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Оқушылардың 
белсенділігін көтеру мақсатында кеспемен (карточкамен) жұмыс 
жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы кеспені алдын-ала дайындап, сонымен 
жұмыс жүргізу барысында белгілі ережелерді дәлелдеуге, анықтауға 
үйренеді.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға 
қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын 
материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу 
жұмыстарының 
әдісі– 
оқушылардың 
білімін 
пысықтап, 
қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең әуелі оның түрлі 
мақсатын айқындап алады. Оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі 
көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі 
бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы жеке 
оқушылардың жаттығу жұмыстарын жан-жақты тексеріп, дер кезінде 


35 
кемшіліктерін түзетіп отыру оқушының сауатты жазуына ықпалын 
тигізеді. Жаттығу әдісі арқылы оқушылардың оқу материалын қалай 
ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын 
практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша 
өткізіледі. Кеңейтілген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет