Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
Түсіндірмелі талдау. 2.
Анықтауыштық талдау. Түсіндірмелі талдауларға: лексикалық талдау, фонетикалық
талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау әдістері жатады.
Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету
әдістеріне кіреді. Бұл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен
байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс- осы
синтаксистік талдау әдісі.
Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен
сабақ тұсында, бекіту, қайталау процесінде және тексеру
сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді: