орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша,
орындалу орнына қарай үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік
талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады:
1.Таңдалған сөйлемнің, мәтіннің логикасы дұрыс болу қажет;
2.Мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы тиіс;
3.Таңдалған материал оқушының біліміне сәйкес болу керек;
4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол
болуы қажет.
Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы
дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары
мынандай элементтерден тұрады:
1.Мәтін, сөйлем таңдалады.
2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады.
3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады.
4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің тұрлаулы,
тұрлаусыз
мүшелері
талданады;
ә)
құрамалас
сөйлем
компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай
сөйлем мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді.
Мысалы : Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, өйткені ол ауыл
жігіті болғанымен қазақша сауатты еді. (С.Мұқанов).
Талдау: Мұнда екі жай сөйлем бар. Біріншісі- бұл сөз
Кенжетайға ауырлау тиді. Екіншісі- Өйткені ол ауыл жігіті
болғанымен сауатты еді. Себеп-салдар салалас сөйлем, себебі
сөйлемнің бірінші компоненті салдар мағынасында, екінші
компоненті себеп мағынасын білдіреді. Жалғаулық шылауы- өйткені,
себеп мәнді жалғаулық шылау.
Бірінші жай сөйлем мынадай мүшелерден құралған:
сөз- бастауыш, зат есімнен жасалған дара бастауыш, не деген сұраққа
жауап береді;
тиді- баяндауыш, етістіктен жасалған дара баяндауыш,
сұрағы-не істеді;