Жаттыѓу ж¦мысы


Жаттығуды ауызша талдауда мынадай талаптар қойылады



Pdf көрінісі
бет44/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

 
Жаттығуды ауызша талдауда мынадай талаптар қойылады: 
 
а) оқытылып отырған материалдардың өзіндік белгілері көп 
болмауы тиіс; 
ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы 
қажет; 
б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; 
в) жаттықтыратын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі 
болуы абзал. 
 
Тақтадағы берілген түсіндірмелі талдау, яғни кеңейтілген 
мынадай методикалық жүйемен жүреді: тақтаға өтілетін тақырып 
жазылады. 
Мәселен: жіктеу есімдігін өткенде қазақ тілі материалдарын еске 
түсіреді. Мұғалім осы есімдікке сай үш сөйлемді талдап, тақтаны 
үшке бөледі. Содан соң сөйлемдер жазылған карточканы таратып 
береді. 
1-ші оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген 
сөйлемді, 
2- оқушы: «Адам деп мені, салмадың сен хат маған» (Абай) деген 
сөйлемді,
3-ші оқушы: «Менің атым Темір. Темір сенбісің?» (Ә.Әбішев) 
деген сөйлемдер жаздырады. 
Басқа оқушылар тақтаға жазылған сөйлемдерді дәптерлеріне 
көшіріп отырады. Бұдан кейін бірінші оқушы тақтаға жазылған 
сөйлемін дауыстап оқып, жіберген қателерін түзетеді. 
Тақтадағы екінші оқушы, үшінші оқушылар қателерін түзетіп, 
шартына сай объектіні ойлап, түсіндіруге дайындалып тұрады. 


41 
Бірінші оқушы өз сөйлемін төмендегіше түсіндіреді: «Мен 
жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сөйлемде
мен
жіктеу есімдігі, 
бірінші жақта тұр, екінші жақта сен, үшінші жақта ол. Осы жіктеу 
есімдіктерінің жекеше түрлері септеледі: 
Атау- мен, сен, ол 
Ілік- менің, сенің, оның 
Барыс- маған, саған, оған 
Табыс- мені, сені, оны 
Жатыс- менде, сенде, онда 
Шығыс- менен, сенен, одан 
Көмектес- менімен, сенімен, онымен 
Сөйтіп жіктеу есімдіктерінің жекеше септелуіне мына сияқты 
өзіндік белгілері барлығы байқалады: 
а) жіктеу есімдігінің түбірі жіңішке болса (мен, сен), оған 
жалғанатын қосымша да жіңішке түрінде қосылады. 
ә) бұл есімдіктердің түбірі жуан болса (маған, саған), оған 
қосылатын қосымша да жуан күйінде жалғанады. 
б) ілік, барыс, жатыс және шығыс септіктерінде 
н
дыбысы түсіп 
қалады; 
в) атау , жатыс, көмектес септіктерінде түбір әр уақыт сақталады
г) барыс септігінде түбір де, қосымша да өзгеріп (менге, сенге, 
олға емес) маған, саған, оған болып келеді. 
ғ) көмектес септікте түбір мен қосымшаның аралығындағы 
ы, і
дыбыстары қоланылады. 
Қазақ тілі бойынша дайын материалдарды талдау тәсілдерінің 
тағы бір түрі- схемалар мен кестелер бойынша талдау. 
1) Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі бойынша өзгерген буын 
мен дыбысты жақшаға алып, дұрыс жазу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет