Батыс Қазақстан облысының апатты аймақтары. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет1/2
Дата27.03.2018
өлшемі1,81 Mb.
#39653
түріСабақ
  1   2
Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының апатты аймақтары.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Мақсаты: оқушыларды өңіріміздегі экологиялық проблемалармен таныстыру;
Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың әсері бар екеніне мысалдар келтіріп, экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын аудару;
Оқушылардың экологиялық көзқарастарын, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Ізденіс жұмыстарын дамыту, әртүрлі деректермен жұмыс істеуге өз ойын тұжырымдай білуге үйрету; экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дебат-сабақ.
Әдістері: салыстыру, сипаттау, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ізденіс, ой қозғау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қанатты сөздер, суреттер, бейнетаспа , кесте.
Сабақ барысы: І.Қызығушылықты ояту. Оқушыларды топқа бөлу: жақтаушылар, даттаушылар, сарапшылар /түстер арқылы топқа бөлу ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Ашық сынақтар /2-3 оқушы жауабын тыңдау / Жаңа тақырыпты меңгерту: Бейнекөрініс қарау Кіріспе сұрақтар 1. Экология терминін қалай түсінесің? 2. Бұл терминді сен бұрын қайда кездестірдің? 3. Экология мәселесімен кімдер айналысады деп ойлайсың?
Экологиялық мәселелер-ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр. Ш.Айтматов. /слайд/
Кіріспе сөзі:
Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе-биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі.
Ғылыми деректер бойынша жер шарындағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Қазақстандағы-Арал, Семей, Байқоныр, Балқаш, Каспий антропогендік фактор әсерінің нәтижесі.
Антропогендік факторлар туралы не білесіңдер? (Антропогендік фактор - адамның іс әрекетінің табиғатқа әсер етуі.)
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адам бүгінгі күнге дейін табиғат байлықтарын пайдаланумен бірге олардың бұзылуына да себепші болып отыр. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады.

Үш тілді сөздік / оқушылардың жауаптарын бағалау сарапшыларға тапсырылады/

қазақша

орысша

ағылшынша

сынақ

испытание




ластау

загрязнять




улы

ядовитые




шектік мөлшері

допустимая мера




салдары

последствия




жүйке жүйесі

нервная система




жұқпалы

инфекционный




өкпе тыныс жолдары

дыхательные пути




қатерлі ісік

онкологические /раковые/




кемтар

инвалиды / с ограниченными возможностями




қан құрамының бұзылуы

нарушение кровяного состава




үндеу

обращение




Облыстың негізі экологиялық мәселесі «Капустин Яр», «Азғыр», «Тайсойған» әскери-сынау полигондар жүйесінің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына жағымсыз әсері. Полигон 1949 жылы құрылған. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының батыс аймақтары (Нарын құмы, Бөкейорда, Жаңақала аудандары) мен Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград облысының шығыс бөліктерін қамтиды. Бұл полигондарда атом бомбалары, соғыс техникалары, әр түрлі қару-жарақ жер бетінде және әуеде сынақтан өткізілген. “Капустин яр” ядролық полигонының жалпы аумағы 6,5 млн. га, оның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы аумағы 1,5 млн. га. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған.

«Азғыр» ядролық полигонында жүргізілген 17 жер асты ядролық жарылыс халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға белгілі зиян келтірді. Ядролық жарылыстар жер асты кеңістігін инертті радиоактивті газдармен ластайды.Сынақ аймағын радиациялық тексеруден өткізгенде, радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп, ол жерлер экологиялық апатты аймаққа айналды. Полигондарға пайдаланылған Нарын жері ауыл шаруашылығы үшін пайдасыз, адамдар үшін қауіпті болды. «Капустин яр» ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде, жүйке ауруына, жұқпалы өкпе-тыныс жолдары, қатерлі ісі аурулары, тері жаралары ауруларымен, кемтар балалардың туылуы санының көрсеткіші жоғары. Әсіресе, қатерлі ісік аурулары, өкпе аурулары, иммундық жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым.

1991 жылы құрылған «Нарын» қоғамдық қозғалысы Батыс Қазақстан тұрғындары атынан Президент пен Үкіметке үндеу жолдады. Үндеуде полигонды жабу, зиян шеккен аудандарды экологиялық қауіп аймағы деп жариялау, тұрғындарға жеңілдік беру талаптары қойылды.Экологиялық қауіпсіздік үшін күрес бүгінгі адамдарға ғана емес, ертеңгі ұрпақ өмірі үшін де керек.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар

1.Мәтінді бөліктерге бөлу, оларға ат қою/ Полигон аумағы, Қоршаған ортаға зияны, «Нарын» қозғалысы/

Жақтаушылар тобы Постер құрау, тақтада қорғау / 2 оқушы Сарапшылардың постер жұмысын бағалауы, қорытуы / 1.Ғылым мен техниканың дамуы 2.Полигондарда өткізілген сынақтар еліміздің экономикасына пайдалы. 3.Сол жердің тұрғындары жұмыспен қамтылады. 4. Жұмыс орындары ашылады. 5. Жалпы халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсер етеді

Даттаушылар тобы 1.Қоршаған ортаға көп зиян тигізеді 2.Сол аймақта тұратын халықтың денсаулығына зиян, түрлі аурулар, кемтар балалар туылады 3. Психологиялық әсер етеді 4.Ауа, су ластанады, улы заттар бөлінеді 5.Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі бұзылады Сарапшылар тобы / келісеміз/ келіспейміз, иә/жоқ Екі топтың жұмысына келісесіз бе?



Топтық тапсырмалар / Әр топқа бір- бір сөйлемнен тақтаға жаздырту / 1. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру 1. Түрлі/алуан/табиғаты/Қазақстан.

2.Жауаптымыз/қоршаған/үшін/біз/орта.

3.Адамдар/проблемаларға/экологиялық/кінәлі/өздері.

4. Қазақстандағы/ орналасқан/ Батыс Қазақстан/ өндірісі/ аймағында/ орындары/ мұнай.

2. Сөйлемдерді аяқтау, тұрлаулы мүшелерін табу



1.«Азғыр» полигонында жүргізілген ядролық жарылыс қоршаған ортаға зиян .... 2. Полигондарға пайдаланылған Нарын жері ауыл шаруашылығы үшін пайдасыз ... 3. Ядролық жарылыстар жер асты кеңістігін инертті радиоактивті газдармен ...

4.1991 жылы құрылған «Нарын» қоғамдық қозғалысы Батыс Қазақстан тұрғындары атынан Президент пен Үкіметке үндеу...

3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса:



1. Мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі аймақтың экологиялық жағдайын нашарлатты.

2. Атом бомбаларының жарылыстары ауыр болды

3. Радиациялық әсер аймағында тұратын адамдар сынақтан азап шекті.

4. «Невада – Семей» қозғалысын Олжас Сүлейменов басқарған.

3. Мақалдарды толықтырыңдар, осы мақалдардан мәтін бөліктеріне сәйкес келетін мақалдарды табыңдар:



Жері байдың … … ./елі бай/

Әркімнің өз жері... ./жұмақ/

Туған жердің ... де ыстық.

Пәлен жерде ... бар, өз жеріңдей қайда бар?/ пайда/

Ел іші – алтын ... . / бесік/

Табиғат – ... көзі / тіршілік/

Табиғат пен адам ... /біртұтас/

Бірінші байлық ...денсаулық

Дені саудың – жаны ... / сау/

Бекіту І.Ой бөлісу.

1. Өзіңді табиғат жанашырымын деп ойлайсың ба?

2.Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай үлес қосар едіңдер?

3.Жерді болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін, бүгін қалай өмір сүру керек?


1.Ластану деңгейін төмендету керек
2.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өйткені кейбір түрлері қалпына келмейді
3.Экологиялық таза энергия алу жолын табу керек

4.Табиғатқа деген көзқарасты өзгерту керек


5.Халық санының өсуін реттеу керек
Рефлексия /стикерге жазу, тақтаға ілу/ 1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң... Егер мен ақын болсам, елімнің  орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім. Өлең оқу

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,


                                                  Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған  жырысың.
                                                  Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік  жасайсың,
                                                  Ол, анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!
                                                  Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған,
                                                  От сезім мен мейірім содан таралған.
                                                  Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
                                                  Зор қайғыдан күрсінгенде,Ах, ұрады дүние
                                                  Жаратылыс заңдылығы бұзылса  сонда болар, кім ие?
                                                                                                                              (М.Мақатаев)

2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң... Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім. 3-сұрақ. Егер сен әкім болсаң...



Табиғаттың үш заңын естеріңде сақтаңдар /тапсырманы топқа бөліп беру/

Табиғаттың тазалық заңы

Адам таза ауамен дем алғысы келсе, өзі қоршаған ортаның тазалығын сақтай білу керек.



Табиғаттың мол қазыналық заңы

Мол қазынаны шексіз ысырап жасамау керек.



Табиғаттың көркемдік заңы

Сұлулықты сақтау - өмір сүрудің негізгі жолы. 1.Сандарды сөйлету. 1949, 6,5, 24, 1991 2. Сәйкестеңдір. Бағалау критерилары 1д.ж -1 б





Каталог: uploads -> doc -> 1179
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1179 -> Сабақтың тақырыбы: Желілілер типі Сілтеме
1179 -> Сабақтыңтақырыбы : Айбынды Ата заңға 20 жыл Сабақтың мақсаты
1179 -> Ө. А. Жолдасбеков атындағы №9 лицей Интеллектуалды ойын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет