Тақырыбы: Менің досым Мектеп: Рассвет негізгі орта мектебі



Дата29.05.2020
өлшемі65,5 Kb.
#71650
түріСабақ
Байланысты:
Байтасова Гүлзат Қуандыққызы
нашакорлық есеп, Адалдык-сагат, Нұржігіт,Ернат, уровни владения английским, Мен елімнің ертеңімін, 0006b1cc-20f67d4b, 0006b1cc-20f67d4b, pdf statements 1572339502608, pdf statements 1572339502608, 0006b1cc-20f67d4b, 0006b1cc-20f67d4b, Сәкен Сейфуллинге 125 жыл, көп жасаған қария ақылы теңіз дария тәрбие сағаты., ФО Алгебра 7кл каз, данияр

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Менің досым

Мектеп: Рассвет негізгі орта мектебі

Күні:

Мұғалім: Байтасова Гулзат Куандыковна

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 4

Қатыспағандар:

SMART мақсаттары

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

Күтілетін нәтиже

Барлығы: мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.

Көпшілігі (А, В):өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей алады.

Кейбіреуі (А): топты басқара отырып, В, С топтарының оқушыларын ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар


-мәтінді тыңдайды, түсінеді, сызба, сурет бойынша сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.

  • Жақсы, жаман, дос, мінез, адам сөздерімен, тірек сызба бойынша пайдаланып сөйлем құрастырады.

Алдыңғы оқу

Әдептілік деген не? Жақсы бала қандай болуы керек? Жақсы мінез қалай қалыптасады? Жақсымен жаманды қалай айырамыз?

Жоспар:

Жоспарланған уақыт (минутпен)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басталуы (қызығушылықты ояту)

5 мин


*Сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.

Әдептілік деген не?

Жақсы бала қандай болуы керек?

Жақсы мінез қалай қалыптасады?

Жақсымен жаманды қалай айырамыз?

Мінезі жақсы деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

Жақсы досың бар ма?
*1-тапсырма. «Әрине» өлеңін оқып, танысайық, . осы сөздерді пайдаланып сабақтың тақырыбын анықтайық.

«Әрине»


Осы сөзді Өмірбек

Қолданады көбірек.

Айтқаныңның бәріне

Жауабы сол:

-Әрине.

-Сүт ішкізші сәбиге,-

Десең болды:


  • Әрине.

  • -Қолғабыс ет кәріге,-

  • Десеңтағы:

  • -Әрине,

  • Сөйтіп жаңа сөзге еріп,

  • Кетті өзі де өзгеріп,

  • Мақұл десе бәріне,

  • Жақсы мінез әрине.

Интерактивті тақта, оқулық, сөздік дәптері, түсті сурет


2-тапсырма.'>Ортасы (мағынаны тану)

20 мин

2-тапсырма. Берілген анықтаманы көшіріп жазыңдар.

143-бет

Жақсы мінез- байлық. Мұндай мінзе үй ішіне, айналасына қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтейтін, кішіге ізет жасайтын, кішіпейіл адамға тән.

2-тапсырма. Әңгімені оқып, бір-біріңе түсіндірдер

Дос

Менің досым-Арман. Ол өзінің алғырлығымен, білімділігімен, еңбекқорлық қасиеттерімен көзге түседі. Арманның жақсы бір қасиеті-ұйымдастырушылық қабілеті. Маған оның мінезінде ұнайтын қасиеттер қайсарлық, салмақтылық, табандылық. Жауапкершілігі мол.

Оның бойында ұнамайтын қасиет-кекшілдік, Біреу оның ар-намысына тисе болды, ол адамды өмір бойы көрмеуге дайын. Мен оған үнемі кекшіл болма, көпшіл бол деп айтып жүремін.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер? (жұппен жұмыс)

Сенің досыңның аты кім?

Ол қандай қасиеттерімен көзге түседі?

Саған оның мінезіндегі қандай қасиеттер ұнайды?

Оның бойында ұнамайтын қасиет бар ма? Ол қандай қасиет?

Досыңа қандай ақыл бересің?



Оқулық 66-67-бет, жұмыс дәптері

Интерактивті тақта, достардың мінез-құлқы туралы суреттер



Аяқталуы (ой толғаныс)

7 мин

4-тапсырма.

3-4 тапсырма 144 бет




Оқулық 68-бет

Қосымша ақпарат

kartinki24.ru/kartinki/food

Сайт суреттері

Саралау

8 мин


Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жұмыс орындай алады; суреттер бойынша шағын әңгімелер құрастырады; тақырыптарды анықтай алады.

Әдепті, тәртіпті болу, сыныпта өзін мәдениетті ұстау

Рефлексия





Қорытынды

Не табысты болды?

1. Бүгінгі сабақ мазмұны бойынша оқушылар тақырыпты түсінді. Оқушылар өздерінің достары туралы өз ойларын, пікірлерін айтты, мінездерін сипаттады. Бүгінгі сабақта табысты болған сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, тапсырмалар, жуан, жіңішке сұрақтар және бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, смайликтер қою арқылы көңіл-күйлерін білдіру секілді сабақтың кезеңдері. Сонымен қатар, балаларға өз досы туралы әңгімелеу қатты ұнады, олар ақ параққа өз достары туралы кластер құрып, мінездерін сипаттап, оқып берді.

2. Сөз тіркесін құру, сөйлемдер құру, септік жалғауларын ажырату, буын түрлерін анықтау сияқты тапсырмалар балаларға табысты болды деп ойлаймын, себебі олар осы тапсырмаларды орындау үшін тақтаға сұранды.


Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды?

1. Сабақты жақсарту үшін, яғни оқушылардың білім сапасын көтеру үшін сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет деп білемін. Мысалы, мен өз сабағымда сындарлы білім берудің жеті модулін ықпалдастыра отырып, СТО ойлау технологиясының стратегияларын қолданамын, олардың ең тиімдісі «Теннис шаригі», «Автор орындығы», «Он сұрақ», «Кластер», және т.б. стратегияларды қолдануға болады, бұл әдіс оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттырады.



Келесі сабақты жақсартуға көмектесетін не білдім?

  1. Келесі сабақты жақсартуға көмектесетін бұл оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс деп білемін, бұл әр түрлі әдіспен, мысалы, «екі жұлдыз, бір тілек», «шығу билеті», «стикермен диалог» және «бүгінгі күннің бір сөйлемі» және т.б. Сонымен қатар, сабақты жақсартуға көмектесетін тәсілдердің бірі ол оқушылардың сөздік қорын молайту, кітап оқуға деген құлшыныстарын арттыру. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, сергіту сәттерін уақытында жүргізіп, уақытты тиімді пайдаланып, бағалау түрлерімен сабақты ұтымды ұйымдастыра білсе, бұл да сабақты жақсартуға көмектеседі деп сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет