Жаттыѓу ж¦мысы


 Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын



Pdf көрінісі
бет62/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

1.4 Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын 
талаптар 
Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілкті 
білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың 
айтылуы 
мен 
жазылуындағы 
фонемалық, 
орфографиялық 
ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын 
және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін 
білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы. 
Әріп диктанттарына мынадай талаптар қойылады: 
1)
әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты 
сыныптағы ең жақсы оқитын оқушыға алдымен түсіндіріп алып, 
соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек; 
2)
жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты 
болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың 
дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек 
дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет; 
3)
әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын 
және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек; 
4)
өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, 
естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде 
түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын 
қайталату қажет; 
5)
дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, 


67 
сөз, сөйлем, т. б.— бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын 
дағдыға айналдыру керек. 
Міне, осы талаптардың бәрі әуелі мұғалімнің тікелей 
басшылығымен жүргізіліп, біртіндеп (алғашқы апталардың өзінде-ақ) 
белсенді, алғыр, зерек оқушылардың міндетіне көшіп, мұғалім сынып 
бақылаушысына айналады. Әр оқушының берген жауаптарын 
қадағалап, толықтыру зейінді оқушылардың ішінен бұрын өтілген 
материалдарды жете білмейтін, өзгелерге жан-жақты, еркін, саналы 
түрде түсіндіріп бере алмайтындарды айқындайды. Бұл жеке 
оқушының біліміндегі олқылықты анықтауда сынып талабына сүйенуі 
уақытты үнемдеумен бірге оқушылардың өздігінен жұмыс істеу 
белсенділігі мен сабақтардың сапалығын арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет