65
2.
Диктант үшін ұсынылатын текстер
орфографиялық тұрғыдан
таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст
құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен
жазылуы қиын
сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
3.
Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп,
кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.
4.
Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен
тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр
тиетін сөздерді қадағалап
отыру тапсырылады.
5.
Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын
түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып
жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей
қалған
оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде
қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе
мұғалімнен не жазу керектігін сұрап,
кедергі жасауға тыйым
салынады.
6.
Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу
жылдамдығын сақтап оқиды.
7.
Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет
түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына
ілесе
тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса,
қол көтеріп сұрап,
мұғалімнің қайталауымен толықтырылады.
8.
Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп
шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.
Достарыңызбен бөлісу: