64
ғана берілген түрлерін әрбір орфографиялық ережелерге байланысты
түрлендіріп жүргізу мұғалімдердің ықтиярындағы іс.
Демек, жинақтағы кез келген бақылау, терме мәтіндерді мұғалім
әр түрлі жазба жұмыстарының түрлеріне
қарай пайдаланып,
түрлендіріп жүргізе алады. Диктанттың қиындық дәрежесі мәтіннің
мазмұнына,
оның тілі мен стиліне, мәтінде ұшырасатын
орфограммалардың ауыр-жеңілдігіне байланысты болады.
Мәтінді іріктеп алғанда, мынадай жайларды ескерген дұрыс:
1. Диктант мәтіні мазмұнды әрі түсінікті және қазіргі әдеби тілдің
талаптарына сай болуы керек. Сондықтан бақылау диктанттары үшін
әр түрлі әдебиеттерден үзінділер іріктеліп алынған.
2. Аз қолданылатын және түсінуге қиын сөздерге түсінік
берілген.
3. Емле жағынан диктант онша қиын, не онша жеңіл болмағаны
жөн.
Бақылау диктанттарына мәтін іріктегенде
мынадай жағдайлар
ескерілген: соңғы өтілген ережені қамти отырып,
оған дейін
оқытылған барлық ережелерге, әсіресе осы сыныпқа қиындау соғатын
орфография мен тыныс белгісінің ережелеріне қатысты сөздер мен
сөйлемдер қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: