Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
1.2 Диктант жазудың психологиялық ерекшелігі Қазіргі жағдайда әр балаға тән ерекшеліктерді есепке алу өте
күрделі. Өйткені әр бала – жеке тұлға. Сондықтан да сынып және үй
жұмыстарын орындауда білімділікті бекіту әр баланың өзіндік жұмыс
жасауына жағдай туғызу үшін жеке-дара тұрғыдан келу маңызды.
Төртінші сынып оқушылары, ең алдымен, жаттап алған тақпақ,
өлеңдерді және сөздерді оқиды. Мысалы, оқулықта картофель,
капуста, морковь, лук сөздері бар. Әрине аталған сөздердің мәні
алдын-ала анық түсіндірілген, ал балалар сөздерді дұрыс айту және
жазу мақсатында жаттығу жұмыстарын орындайды. Үш оқушы өлеңді
жаттап айтып береді, жеміс-жидектерді қазақшаға аударады. Соңынан
оқушылар диктант жазуға кіріседі.