ӘОЖ. 633. 6: 632
КАРТОПТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ
ВИРУСТЫҚ АУЫРУЛАРЫ
Байтен Ш. Н. – 113-36 тобының студенті
Дихан Г. А. -113-36 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Бердибекова А. Т. – магистр оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент
Резюме
Размножается вегетативно путем, он, в частности (нарезанные и целые) увеличивается. Картофель размножается, как правило, используется в качестве годовой целых растений.
Summary
Propagated vegetatively, it is in particular (sliced and whole) increases. Potatoes are propagated usually used as annual whole plants.
Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді, нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді. Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде қолданылады. Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он жылда және әртүрлі картоп шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар Ресейде картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады.
Картоптың түйнегі – сабағының жалғасы, оның пішіні ғана өзгерген. Сабағының топырақ астындағы бөлігі столон деп аталады. Өсу кезінде столондардың шет жағы жуандап, бірте-бірте түйнекке айналады. Пішініне қарай түйнектер дөңгелек, ұзынша және сопақша болып бөлінеді. Сыртқы реңіне қарай ақ, күлгін, алқызыл, қоңыр қызыл, көкшіл және қара көк немесе қызыл ала түстілері де кездеседі. Картоптың сабағы, әдетте, үш немесе төрт қырлы болады. Түйнектің қырының өне бойына қанат тәрізденіп сызат өседі. Картоптың сорттарына қарай сабағының түсі де түрліше өседі, алқызылдан басталып қоңыр түске дейінгі, тіпті ашық жасыл түске дейінгі аралықта құбылып тұрады. Картоптың сабағы бұтақтанып өседі. Кеш пісетін сорттардың сабақтары төменгі жағынан шоқтанады. Сортына және өсірілу жағдайына қарай картоп сабағының биіктігі 30 сантимертрден 150 сантиметрге дейін жетеді, әрбір бұтақта 4-тен 8-ге дейін сабақ болады.
Картоптың жапырағының екіден алтыға дейін сызат бөліктері болады, олар әдеттегідей қос қанаттанып орналаспайды. Олардың беткі жағы тегіс немесе қыртыстанып келеді. Жапырақтар сабақ бойында иректеніп өседі.
Картоптың шоқ гүлі 2-3, кейде 4 бұрамнан тұрады, әрбір бұрамда гүл жару төменнен басталып, жоғары қарай жүреді.
Гүл басы бес жапырақтан тұрады. Ол түрлі реңді ақ, көк, қара көк, қоңыр көк, күлгін түске боялады. Гүлдің аналық ауызы жоғары көтеріліп шығып тұрады. Тозаңы қызғылт сары, жасыл сары және жасылқай түске боялады. Гүл басының және тозаңның түсі тұқым сапасын анықтаудың маңызды белгісі.
Тамыр жүйесі шашақты келеді, тамырдың негізгі бөлігі топырақтың жоғары қабатында 70 сантиметрге дейінгі тереңдікте жатады. Қайсыбір тамыр желісі кейде 1,5-2,0 метр тереңдікке кетеді. Түйнектен өсетін өсімдіктер сабақтың топырақ асты бөлімінен, сондай-ақ столон түйнектерінен қосалқы тамырлар жібереді. Ұрықтан өсетін өсімдіктер алдымен екі ұрық бөлігі және ұрық тамыры бар өркен салады.
Жаңа қазылып алынған картоп түйнегінде көптеген дәрумендер кездеседі. Картоптың 200-300 грамын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде қолданады. Жүзім, қызыл алша, алманың кейбір сорттарының құрамында болатын С дәрумені картоптың құрамында әлде қайда көп кездеседі. С дәруменінен басқа адам ағзасына өніммен бірге В, А, РР және К дәрумені түседі. В дәрумені жүйке жүйесі және қан айналым ауруларының алдын алады; ал А, РР, және К дәрумендері ағзаның дұрыс дамуына өз септігін тигізеді. Әсіресе құрамында лимон, аскорбин және барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар картоп шырыны өте құнды болып табылады. Сонымен қатар картоп түйнегіндегі минералды тұздар бізді бірқатар құнды элементтермен: кальциймен, темірмен, иодпен, күкіртпен қамтамасыз етеді. Бұл тұздар өз кезегінде адам ағзасын созылмалы асқазан ауруларынан, қан аздықтан, гастриттен қорғайды . Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді, нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді. Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде қолданылады. Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он жылда және әртүрлі картоп шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар Ресейде картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады.
Ерте пісетін сортты картоптың тамыр жүйесі топыраққа терең енбейді. Топырақты ылғал, қолайлы жағдайда ұстау керек. Картоп бұтағы - басқа өсімдіктерге қарағанда сәл төмендеу болады және олар өте жиі орналасады. Сонымен қатар картоп сабақтары (тәртіпке сай үштен беске дейін ) болады. Картоп сабағы-жасыл және қызыл-күлгін, кейде көк-күлгін пигменттермен боялған болады. Картоп жапырақтары тақ болып орналасады. Ал барлық жұп бөліктер өзіндік тәртіптік атауға ие; бірінші жұп, екінші жұп және тағы басқалар. Картоп гүлдері - гүлшоғырына жиналады. Картоп түйнегі-бұл картоптың жер асты сабағы. Бұтақтағы сабақ саны көзше санына байланысты болып келеді. Көзшелер өте майда, орташа терең және терең болады. Түйнек пішіндері: дөңгелек, дөңгелек-жалпақ, дөңгелек-сопақ және ұзын болады.
Түйнек перидермалары әр сорттарда әртүрлі болады: тегіс жұқа, тегіс қалың, торша тәрізді. Фосфор тыңайтқышын қолданғаннан қарағанда азот және калий тыңайтқыштарын қолданған кезде картоп перидермасы жұқа болып қалыптасады. Түйнек түстері ақ, сары, көк-күлгін немесе қызыл-күлгін болып келеді. Картоп жарық сүйгіш өсімдік. Күн сәулесі жеткіліксіз болса, картоптың сабағы сидиып биік өседі, осал болады, түйнектің бірқалыпты өсуін қамтамасыз ете алмайды. картоп үшін ең қолайлы ылғалдылық дала топырағының су ұстау көрсеткішінің 70-75 проценті екені анықталады.
Картопта кездесетін вирустық аурулар. Картоптың азғындауы вирустар қоздыратын аурулары салдарынан және картоптың өсуі кезінде, сондай-ақ сақтаған шақта қолайсыз жағдайдың орын алуы себепті пайда болады. Сырт қарағанда ауру түйнектерді сау түйнектерден айырып алу қиын, өйткені олар жақсы сақталады, тек егілгеннен кейін ғана ауру өрши түседі. Қазақстанда картоптың азғындау кең етек жайған. Әсіресе, бұл аурулар оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы және батыстағы облыстарда өте жиі кездеседі. Секпілдену немесе жұмсақ мозайка. Картоп сабағында ашық жасыл дақтар пайда болады, кейде жапырақ бөліктерінің етегі иректеліп көмкеріледі. Аурудың өршуіне қолайлы жағдай туса, ол асқындап кетеді де, аурудың ауыр түріне- әжімді мозайкаға айналады. Әжімді мозайка. Ауруға шалдыққан өсімдіктің өсуі тежеледі, сабағы мен жапырағы нәзік болады. Жапырақтары қыртыстанып кетеді, олардың үстіне сарғыш дақ түседі, жиегі төмен қарай көмкеріледі. Бұл ауруға шалдыққан түйнектер әдетте ұсақ болады. Жолақ мозайка. Бұл ауруға ұшыраған картоптың жапырақтары мен сабақтары осал болады. Жапырақтардың жөлкелерінде және жөлкелер аралықтарында қара нүктелер және дақтар пайда болады. Ауру өрши түскен сайын жапырақтар қарая береді, соңында өледі. Төменгі жапырақтар түсіп қалады да, сабақ бойында тек жоғарғы жас жапырақтар ғана көгеріп тұрады. Сырт қарағанда осы ауруға шалдыққан түйнектердің аурудан таза түйнектерден ешбір айырмашылығы болмайды. . Картоптың ең қауіпті зиянкестері – сымқұрт, шыртылдақ қоңыздың, зауза қоңызының личинкалары, кеміргіш қоңыр көбелек құрты. Бұлардың бәрі де картоптың тамыр жүйесі мен түйнектерін зақымдайды. Негізінен ластанған алқапта көбейіп кетеді. Картоп зиянкестеріне қарсы күрестегі басты шаралар мыналар: алқапты таза күйінде ұстау. Қорытындылай келе жаңадан дамып келе жатқан ғылым – биотехнологиялық әдістерді картоп шаруашылығында сауықтырылғын тұқым алу мақсатында қолданып, оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көре аламыз. Картоптың тағам ретінде бағалылығы жөнінен наннан кейінгі орында тұрғаны бәрімізге белгілі. Әсіресе, оңтүстік климаты жағдайында вирустық аурулардан сауықтырылған күйде өсіру қиын болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Шағыров Б. Ғ. Картоп және оның биологиялық ерекшеліктері. Алматы, 1998ж.
2. Уалиханова Г. Ж. Өсімдіктер биотехнологиясы. Алматы, 2000 ж.
3. А. С. Удовицкий, Кустанайская ГОСХОС Химия и Жизнь №1, 1999 ж.
4. Созонов А. Н., Козлов Л. П., Якутнина Г. А. Мониторинг лета тлей – важный этап защиты картофеля от вирусов. Ж. Картофель и овощи №3, 2003г.
Достарыңызбен бөлісу: |