Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет56/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

ІІ. ЖАТЖАЗУ 
1. Диктанттар жинақтарына талдау 
Диктанттар жинағы: Алматы: «Ана тілі», 1993 жыл 
Қ.Қасабекова, Б.Қасымова, Б. Тамаева, Ғ. Жексембаева. 
Ұсынылып отырған еңбектің мақсаты – фонетика, лексика, 
морфология және синтаксис мәселелерін үйретуде сауаттылықты 
арттырумен, тілді дамыту. Кітап орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ 
беруге мамандырылатын студенттерге арналған. Диктанттар 
жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, танымдық 
сипатының да молдылығы ескеріліп алынған материалдарға жаңаша 
қарауға ерекше мән берілген. Бұл негізінен мәтіндерді іріктеуге 
қатысты айтылып отыр. Терме диктантқа байланысты іріктеліп 
алынған сөйлем үлгілерінде әр сөйлемнің стильдік құрылымына, ой 
айқындығына жете мән беріліп, тыңдаушының мәтінді қабылдау 
мүмкінділігі есепке алынған. Бұл айтылғандар бақылау диктантына 
орай алынған мәтіндерге де қатысты. Өзге тілдердегі сияқты қазақ 
тілінде де түркі тілді еместер ұғымына ауыр соғатын, жекелеген 
термин сөздер аз емес.
Мұндай сөздердің мағынасын еркін түсініп, қатесіз жаза білу 
үшін сөздік диктанттың маңызы зор. Мәтіндерді іріктеуде тіл 
үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-
өрістерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, тәрбиелік 
те мақсат көзделген. Жалпы диктант жұмысының мақсаты- өткен 
материалдарды қайталап, одан алған білімдерін, сауаттылықтарын 
бақылау болып табылады. Диктант мәтіндері белгілі бір 
орфографиялық немесе тыныс белгілеріне тән ережелермен шектеліп 
қана қоймай, бірте-бірте қиындатылып, күрделендіріліп отырады. 
Әсіресе, қосымша жалғанғанда, түбірдің бастапқы қалпынан өзгеріске 
түскендегі орфографиялық ережелеріне, орыс тілінен енген сөздерге, 
қазақ тіліндегі қосымшалардың жалғану тәртібіне байланысты 
мысалдар, мәтіндер диктант жазуда көбірек қолданып отырылуы 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет