Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне
қойылатын талаптар:
- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық
мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
-
фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік
категориялардың мәнін ұғу;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды
артикуляциясына қарай айыра білу;
- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық
үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен
байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;
- қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен
енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;
- ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл
нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық
заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен
байланысын тану.
55
2.2. Қазақ тілін оқытудың методикасының талдау әдістеріне
тоқталсақ, фонетиканы не лексиканы оқытуда олардың бірнеше
әдістері қолданылады. Ал талдау әдістері бірнеше түрге жіктеледі:
1.Түсіндірмелі талдаулар
1) лексикалық талдау әдісі
2) фонетикалық талдау әдісі
3) морфологиялық талдау әдісі
4) синтаксистік талдау әдісі
2) Анықтауыштық талдаулар
1. орфографиялық талдау әдісі
2. пунктуациялық талдау әдісі
3. орфоэпиялық талдау әдісі
4. стилистикалық талдау әдісі
Талдау әдістерінің формасы- сабақ түрлері
Талдау әдістері білім меңгеру, лекция, практикалық дағдыны
қалыптастыру,
практикум,
семинар,
сынақ
сабақтарында
қолданылады.
Талдау
әдістерінің
материалы-
дидактикалық
материалдар. Олар екі топқа жіктеледі:
1)
теориялық материалдар:
тақырыптың термині, анықтамасы,
ережелері, өзіндік ерекшеліктері
2)
практикалық материалдар
: сөздер, сөйлемдер, мәтіндер
(фразалар, нақыл сөздер)
Жалпы талдау түрлеріне тоқталсақ, қазақ тілі бойынша талдау
мазмұнына қарай.
а)
қазақ тілі бойынша талдау
. Оған тіл дыбыстары, дыбыс пен
әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің
қатысына қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң
боп дауыссыздар тобы енеді.
ә)
үндестік заңы бойынша талдау.
Оған буын жігі, екпін, буын
үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал,
біріккен сөздер сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз
тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша
аралығындағы кейінді ықпал тақырыптары кіреді.
56
Қазақ тілі бойынша талдау көлеміне қарай екі түрге бөлінеді:
а) толық және жалпы талдау
ә) жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау
Сонымен бірге орындалу тәсіліне қарай ауызша да, жазбаша да
жүргізіледі.
Мектепте қазақ тілі бойынша талдауды жүргізудің жүйесі
осындай:
1. Алдымен мәтін не сөйлем алынып, ондағы сөздер буынға
бөлінеді;
2. Сөздегі әрбір буында , неше әріп барлығы ажыратылады;
3. Бөлінген буындағы дауыстылардың еріннің қатысына қарай,
иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай бөлінуін талдай отырып,
буын түрлері анықталады;
4. Буындағы дауыссыздардың үнді, ұяң, қатаң түрлері
ажыратылады;
5. Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды жинақтап талдау
жүргізіледі;
6. Буын түрлері анықталады да, екпіннің қайсысы буынға түсіп
тұрғандығы қарастырылады;
7. Сөздер буынға бөлініп, буын үндестігіне талданылады;
8. Дыбыс үндестігі, яғни түбір мен қосымша аралығындағы
ілгерінді ықпал анықталады;
9. Біріккен сөздер сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы
ілгерінді ықпал талданады;
10. Түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал дәлелденеді;
11. Біріккен сөз сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы
ілгерінді ықпалдар ажыратылады.
Сонымен бірге қазақ тілі бойынша талдау мынадай орындарда
қолданылады:
1) жаңа материалды түсіндіру процесінде жұмсалады;
2) материалды бекіту кезінде қолданылады;
3) оқушылардың өздігінен істейтін класс жұмыстарында
жұмсалады;
4) үй тапсырмаларын орындауда қолданылады;
5) оқушылар білімін есепке алу жұмыстарында жұмсалады;
6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде
пайдаланылады;
7) материалды пайдалану кезінде орындалады.
57
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың құштарлығын арттырып,
өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, оқушыларды қазақ тілі
бойынша талдауға белсенді қатыстыратын амал-карточкалы дәптер
бойынша жұмыс істеу. Карточкалы дәптер оқушылардың ұқыптылық
дағдысын арттырып, баяндамалар жасауына, келешекте ғылыми
жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ол оқушыларды практикалық
жұмысқа дағдыландырады, олардың сөздік қорын молайтып, көру мен
есту қабілетін күшейтеді. Карточкада талдап үйрету үшін мұғалім
әуелі екі тақтада талдап көрсетеді, карточканың үлгісін сызады,
карточкадағыдай схемада талданады.
Карточкадағы «Балық суда жүзеді» сөйлеміндегі балық сөзін
буынға бөліп, төмендегі үлгіде талдау жасайды:
1- карточка
Дауысты дыбыстар
Балық суда жүзеді.
Ба-лық
А: ез (езілік), аш (ашық), жу (жуан)
Ы: ез (езулік), қы ( қысаң), жу (жуан)
немесе
ез., аш., жу;
ез., қы., жу;
Кейін мұғалім оқушыларға карточкалы дәптер арқылы талдау
болатынын, қандай тақырыптар қамтылатындығын хабарлап, талдауға
кірістіреді:
Жұмысшылардың жалақысы артты.
Мұғалім бір оқушыға бұл сөйлемді дауыстап оқытып, сөйлемде
неше сөз бар екендігін анықтайды. Бұл сөйлемдегі сөздерді оқушылар
ұжымды түрде буынға бөледі. Себебі, оқушыларды белсенді түрде
сабаққа ынтасын арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге кірістіру. Содан
соң, бұл буындардағы дыбыстар ауызша талданады:
Достарыңызбен бөлісу: |