1.10 Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда
маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер
мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған
өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп,
өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай
күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала
ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең,
жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |