Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет67/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

 
1.9 Көру диктанты
 
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту 
мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші 
түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады 
да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар 
жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім 
дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру 
кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң 
тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға 
жаздырады. 
Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану 
сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты 
үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз 
тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға 
берілген өлеңдерді де алуға болады. 
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын-ала 
аумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-
3 рет оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. 


70 
Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар 
көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше 
дәптерге жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет