Жаттыѓу ж¦мысы


 Енді, диктантты жаздыруға қойылатын талаптарға



Pdf көрінісі
бет74/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

1.18 Енді, диктантты жаздыруға қойылатын талаптарға 
келейік 
Мұғалімнің тексті үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, 
сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ 
жоспары демекші, диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де 
кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, 
сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде 
көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі – жарым қалып 
қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар 
тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті 
сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. 
Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары 
кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы 
оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде 
мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі 
сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын 
сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант 
мәтінін жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең 
сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. 
Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай 
сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. 
Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын 
сақтау болып табылады. 
Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушылардың өздерін қатыстыра 


75 
отырып, жазылуы қиын сөздерді, бейтаныс сөздерді анықтау керек. 
Егер мәтінде ондай сөздер кездессе, тақтаға жазып беруге болады. 
Әдетте ондай сөздерді көптеген ұстаздар о баста-ақ тақтаға жазып 
қояды. Егер сөйлем шұбалаңқы болмай, қысқа, тұжырымды, жай 
сөйлем түрінде болып келсе, оны екі рет оқу жеткілікті. Ал сөйлем 
күрделі, құрмалас сөйлем түрінде келсе, оны «сөз үзбелеріне» бөліп 
оқуға тура келеді. 
Қайсібір мұғалімдер сөйлемді бір оқиды да, одан кейін оны бір – 
екі балаға қайталатады. Осыдан кейін барып жазуға рұқсат етеді. 
Оқушылар үн-түнсіз жаза бастайды, бірақ кімнің қалай жазып 
жатқанын білу қиын. Есте сақтау қабілеті дамымаған, әсіресе, мінез 
жағынан ұшқалақ балалардың дұрыс жазып шығуы екіталай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет