73
байланысты алынған бақылау диктантындағы қателер тақырып
бойынша түр-түрге бөлінеді. Диктантты талдағаннан кейін жіберілген
қателерге байланысты кішігірім диктант жаздырылады,
оның көлемі
отыз-қырық шақты сөзден құралады. Сөйтіп, алғашқы жіберілген
қателерді болдырмауға шаралар белгіленеді.
Сырттан қарағанда диктант жүргізуден оңай нәрсе жоқ сияқты.
Оқисың да жаздырасың, онда тұрған не бар. Диктантқа «өгей бала»
тұрғысынан қарау кейбір мектеп тексеруші инспекторлар тарапынан
да байқалады. Сабаққа кіргелі отырған тексерушіге мұғалім:
- Менде қазір диктант еді, - десе-ақ, тексеруші:
- Е, онда несіне барамыз, өзіңіз өткізе беріңіз», - дейді өзінің
«Диктантты қалай жүргізуге болады» атты мақаласында Қ.Өтебасов
осындай мысал келтіреді.
Бұл арада әңгіме бақылау диктанттары туралы емес.
Диктант
жөнінде теріс пікір қалыптасқан ба, кейбір мұғалімдер де диктантқа
«толыққанды» сабақ ретінде қарамайды. Сондықтан болар, оны
өткізудің әдістемесін жетілдіру жағына қазіргі қазақ тілінде көңіл
бөліп жүргендер сирек кездеседі.
Диктант та сабақ. Өзіндік ерекшелігі бар сабақ. Өзінің өткізілу
тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да өзгеше сабақ.
Белгілі әдістемеші ғалымдардың сабақты дидактикалық
мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені белгілі. Ал,
диктант
жазбаша бақылау – тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге
диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау,
жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады.
Диктант сабағына жоғарыда айтқандай, кіруден жұрт неге
қашқалақтайды? Ойланатын болсақ, оның себебі: «Диктантқа кіргенде
не айтасың?.. Талдайтын не бар онда? Оқыды, жаздырды, сонымен
бітті. Дайын мәтінді кім оқып, жаздыра алмайды» деп, үзілді-кесілді
тұжырым жасайды. Тіпті де олай емес. Диктант
өткізудің де өзіндік
ерекшелігі, жолы, тәсілі бар. Оны кейінірек айтамыз. Сөзді ең
алдымен диктант мәтініне қойылатын талаптан бастаған жөн ғой деп
отырмыз.
Диктант мәтініне ең алдымен танымдылық, тәрбиелік талап
қойылатыны белгілі. Мәтіннің тәрбиелік мәні танымдық, білімдік
мәнінен бөлек алып қаралмайды, тұтас бірлікте қаралады.
Мұның
үстіне мәтіннің оқушыларға бұрыннан таныс болуы талап етіледі.
Мұнда әңгіме мәтін туралы немесе оның тақырыбы, мазмұны туралы
емес, әңгіме мәтіннің құрамына енген жеке сөздердің, берілген
орфограммалар мен пунктограммалардың оқушыларға бұрыннан
таныстығы туралы.
74
Ең алдымен, мәтінде берілетін грамматикалық тапсырмалар –
оқушылардың бұған дейін өткен және әбден игерген орфограммалары
мен пунктограммаларынан алынуға тиіс. Екіншіден, оның көлемі
(саны), мазмұны бағдарламалық талап деңгейінде болуы шарт. Тексте,
сонымен бірге, жақында ғана өткен грамматикалық категорияларға
байланысты тапсырмалар беруге болмайды.
Өйткені оны оқушылар
әлі толық игеріп, үйреніп болған жоқ. Ал күнделікті жаттығу болса,
оның жөні бір басқа… Алда-жалда тапсырма беріле қалса, одан
жіберілген қателерді есептеуге болмайды. Міне, диктант мәтініне
осындай талаптар қойылады. Бұл талаптардың тұтас бір мәтіннен (бір
жерден) табыла қоюы қиын мәселе. Ол үшін мұғалімге біраз ізденіп,
қарастыруға тура келеді. Ал, диктанттар жинағындағы мәтіндерден
мұның бәрі үнемі табыла бермейді.
Қысқасы, сабаққа кірген кісі осының бәрін ескеруі, білуі керек.
Онсыз сабақ туралы мұғаліммен тиімді әңгіме жүргізу,
қажет болса,
әдістемелік көмек көрсету қиын болады.
Достарыңызбен бөлісу: