Негізгі этикалық стандарттар.
1. Психологтың іс -
әрекеті адам тұлғасының дұрыс дамуына интеллектуалды функциясының толымды
дамуына бағытталған. Психолотың ең алдымен осы ӛзі жұмыс істейтін субъектілермен
сыйластық сезімі болуы ерек. Психология кәсіп ретінде барлық кәсіби этикаларға ортақ
болатын принциптерімен басқарылады:
Тұлғаны сыйлау;
Адам құқықтарын қорғау;
Клиентке қатысты шыншылдық пен шынайлық түрлі құрал – жабдықтарды
қолданудағы сақтық, кәсіби кәсіби компетенттілік;
Мақсатқа жетуге табандылық;
Түрлі әсерлердің ғылыми негізде жүзеге асырылуы.
Психологтар адамның бостандығына (немесе еркіндігіне), физикалық, психологиялық
қолсұқпаушылыққа қарсы бағытталған әдістерді құрастыруға қатыспауы қажет және оған
септігін тигізбеуі қажет.
Барлық психологтар ӛздерінің кәсіби ұйымдарын, ӛзінің кәсіби практикасында кездеске
немесе белгілі болған түрлі адам құқықтарын бұзу жӛніндегі оның ішінде баланы қорғау
құқықтарының бұзылуы, қорлау, қатігездік, педагогтар және т.б. адамдар жағынан балаға
қатысты гуманды емес қатынастар жӛнінде және тағы басқа келеңсіз жәйттер жайлы
ақпарат берілуі қажет. Кӛмек кӛрсету барысында психологтар ӛздеріне келген
адамдарды түрлі тектік, нәсілдік, үлттық, жастық, жыныстық, идеалогиялық
айырмашылықтары бойынша бӛліп дискренацияламау қажет..
Психологтар клиентке қатысты ӛз кәсібін пайдалана отырып үстемдік және билікті
қолданбау керек. Әсіресе ӛзіне пайда келтіру немесе ӛзіне белгілі бір жеңілдіктер жасау
үшін клиенттерді пайдаланбау және үшінші адам ретінде пайдаланбау керек.
Психолог ӛзінің атын немесе қолын басқа психологиялық квалификациясы жоқ
адамдармен пайдалануға жол бермеуі қажет, яғни психологиялық әдістердің заңсыз түрде
қолданылуынна жол бермеу.
Достарыңызбен бөлісу: |