Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет34/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)

Ертегі терапия - 
Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың 
тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. 
Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде 
мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама- қайшылықтардың, 
қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы- онда қиын 
жағдайлардан шығу жолдары айтылады.
Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға ӛз қиындықтарын сезінуге және олармен 
әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырпқа 
әңгімелесуден гӛрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы ӛте маңызды, ӛйткені онда 
баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды. 
Психожаттығу
. Сӛздің кӛмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері 
ӛздерін кӛрсететін қосымша әдісті білдіреді. 
Жаттығулар дайындық, пантомимикалық және қорытынды бӛлім деп үшке 
бӛлінеді. Дайындық және қорытынды бӛлімдер дерективті сипатта болады, ал 
пантомимикалық бӛлімде қатысушылардың қиялы мен ӛз эмоцияларын кӛрсетуге еркіндік 
беріледі. 
Дайындық бӛлімде үш қызмет кӛрсетілген: жаттығулық (дененің барлық 
мүшесімен жаттығу жасау), релаксациялық (психологиялық дистанцияның және 
қорқыныштың тӛмендеуі), байланыс (байланыстық элементтерге дайындық, мысалы, 
сӛзсіз сезімдерді түсіну). Бұл бӛлімде қарым-қатыс, іс-әрекет және қиял ӛзара 
біріктіріледі. Мысалы, әріптесіңнің іс-әрекеттерін айнадай қайталау, мотивациялық секіру 
мен іс-әрекеттер (мысал ретінде, шұңқырды аттап секіру, кӛпшілікке жүгіру, қозғалу) 
жабық кӛзбен жүру сияқты дайындық жаттығулар болады. 
Пантомимикалық бӛлім ең негізгі болыпт табылады. Қатысушылар мұнда жетекші 
ұсынған тақырыпты ӛз іс-әрекетімен кӛрсету керек. Тақырып бір адамға, екі адамға, 
топтағы бірнеше адамдарға және топқа бірдей ұсынуы мүмкін. Юнова тақырыптарды тӛрт 
салаға бӛлуді ұсынады, олар: дағдыланған ӛмірлік жағдайлар; ішкі, сыртқы және жалпы 
адамдық кикілжіңдер; ерекше мәселелер; топтағы интерперсоналдық ӛзара қарым-
қатынастар.
Қорытынды бӛлім белсенділік пен сергектік сезімін тудыру керек және басқа да 
топтың қатысушыларымен етенесіп, ӛзіндік күшті сезіну.
«Психожаттығу» сӛздерінің астарында кӛптеген жаттығуларды қолдану деп 
толығымен айтуға болады. 
Б.Д.Карвасарский
психожаттығудың басты ерекшелігі оның 
негізгі байланыс қарым-қатынастары – қозғағыштық экспрессия арқылы эмоцияларды 
мимика мен пантомимиканың кӛмегімен кӛрсету, сонымен қатар, тапсырылған белгілі-бір 
тақырып бойынша жағдайларды манипуляциялау деп ойлайды. 
Кейде психожаттығудың астарында топтағы әрбір бӛлек немесе тұтастай 
қатысушылардың жағдайын ӛзгертуге бағытталған жаттығулар жатыр. 
Психологиялық жаттығуларды ӛткізген кезде мынадай жағдайларды ескеру қажет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет