Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы


№7дәріс. Әлеуметтік психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)

№7дәріс. Әлеуметтік психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің 
стилистикалық ерекшеліктері 
 
 
 
 
Дәрістің мақсаты:
Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтарымен (терапиялық, 
топ, үйрену топтары, бизнес топтар) жұмыс жүргізу және ӛткізу жолдарын үйрету. 
 
Негізгі ұғымдары: 
Т-топтар, гештальт-топтары,
 
психодрама, ертегі терапия,
 
психожаттығу. 
 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Гештальт топ.
2. Психодрамалық топ. 
3. Коммуникативтік тренинг.
4. Топ түзу тренингі. 
5. Мотивациялық тренинг.
6. Арт-терапиялық топ. 
7. Құмды қолдану арқылы психотерапия. 
8. Ертегітерапиялық топ. 
9. Тренингтегі психогимнастика 
Т – топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен байланысты. 
Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық динамика және 
әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды. Осы кезеңде әлеуметтік психологтар алдында 
кӛптеген сұрақтар туды. Топтық әдістерімен басқару медицина, педагогикада кеңінен 
таралды. Топтық қарым-қатынас феномені – ғылыми түсініктемесіз болады. Осыны 
түсіндіру үшін Левин ӛмірлік кеңістік- полясы теориясын жасады. Ол мынаны түсіндірді 
«тіршілік етуші және бірлескен факторлардың жиынтығы – берілген уақыттағы 
индивидтің мінез-құлқын кӛрсетеді». Бұл факторлардың жиынтығы жеке адамды, оның 
психологиялық қоршауын қамтиды, бір тұтас психологиялық поля жасай отырып. 1939 
жылы «Әлеуметтік кеңістікте эксперименттер» деген мақаласында Левин бірінші рет 
«топтық динамика» терминін қолданады, кейінен ол жалпы қолданылатын терминге 
айналды. Шынын айтқанда Т – топ ӛз бастауын Левин басшылық жасаған оның 
әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан алады. Т- топтың пайда болған дәл 
анық айтуға болады. 1945 жылы АҚШ-та топтық динамиканы оқу орталығы ашылады, 
онда қоғамдық ғылымдар мамандары, Левин – топтық динамика тренинг жасаушы – 
қызмет етті. 
1946 жылы топаралық қатынас шеберханасының жұмысын ұйымдастырушылар 
оқыту және бір мезгілде топтың динамиканы зерттеу үшін жаңа әдісті ойластырады. 1947 
жылы АҚШ-та Тренингтің ұлттық лабароториясы жасалады, ол қазірде қызмет етуде.
Топпен психологиялық жұмыстың кӛптеген түрлері Т-топтарымен бірге іске асады. 
Оларды әлеуметтік-психологиялық тренинг түсінігіне біріктіреді. 
«Т- топ» термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға жатады, олардың 
мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін, бірлескен мінез-құлыққа 
қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен қатынасты қалыптастыру, синзетивті 
топтар жекелей даму және т.б. кіреді.


Шейн мен Бейнес (1965) лабароториялық тренингтің мақсаттары мына 
аспектілерден тұрады деп, кӛрсетеді:
1.
Психологиялық қорғану барьерлерін тӛмендету және жекелей дәрежеде 
сенімсіздікті жою есебінен ӛзін-ӛзі тануын дамыту.
2.
Топтық қызмет жасауына кедергі келтіретін немесе жеңілдететін шарттарды 
түсіну. 
3.
Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін топта бірлескен қатынастың 
дәрежесіне жету. 
4.
Ұйымдастырылған топтың, жекелей мәселелерді диагностикалау іскерлігін игеру. 
Мысалы, топтағы тартысты жағдайды шешуі немесе топтың бірігуін нығайту.
Т- топтың әр түрлі бағыттарын олардың жалпы принциптері мен топтық динамиканың 
элементтері байланыстырады.
Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді:
1.
Топтың мақсаты. 
2.
Топтың нормасы. 
3.
Топтың құрылымы және лидер мәселесі. 
4.
Топтың бірлігі. 
5.
Топтың даму фазалары. 
Г.С.Абрамова ӛзінің еңбегінде мынадай тұлғалық қасиеттердің даму әдістерін 
кӛрсетеді: 
Т-топтар
(тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі 
топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын. Мұндай топтар «енді және 
осында» қағидасын ұстанып, лабораторияның ерекше оқытылатындары сияқты 
назарларын қауіпсіз жерде іс-әрекеттің жаңа түрлерін сынаумен бекітті. Оқытылатын 
цикл келесі кезеңдерден құрылады: ӛзін-ӛзі таныстыру – кері байланыс – тәжірибе ӛткізу. 
Ашықтық – мұндай топтағы іс-әрекеттің негізгі аспектісі болып табылады. Т-топтағы 
адамдар вербалды және вербалсыз түрде басқа адамдарға ӛз сезімдерін білдіруге 
тырысып, оқып үйренеді. Қатысушылардың ӛзара қарым-қатынастарын зерттеу бойынша 
ӛзара жұмыс жасауға кіргізу үшін жетекшінің маңызы ӛте зор, содан кейін жетекшіліктен 
бас тарту қажет. Кездесу топтары. Т-топтардан айырмашылығы бұл топтарда топтың 
динамикасын оқып үйренуге қарғанда, бӛлек тұлғаның әлдеқайда тез дамуына 
бағытталған. Соынмен қатар, олар тұтас сезімге немесе белгілі бір міндетке бағытталған 
топтарға бӛлінеді. Кезедесу топтың басты бағыты қарқынды қарым-қатынасты 
қалыптастыру, әдетте, нақты тақырыптар пікір-сайыс үшін арнайы жоспарланбайды, 
топтағы қатысушылар тудырған ӛзара түрлі қарым-қатынастар талқыланады. 
Жоспарланған жаттығулар мен тәсілдерді жетекші қолданбайды. Ол тұлғада біртіндеп 
еркіндік пайда болып, қорғаныш кішірейген кезде, психологиялық қауіпсіздік климатын 
туғызу үшін жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет