Диагностика
психологиялық
қорытынды,
яғни
клиенттің
мәселесінің
психологиялық сипаты, оны тудырған себепті және оны шешудіңбағыттарын кӛрсетумен
аяқталады..Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің
тиімділігін бағалауға қажет.
Психодиагностикалық
зерттеу
ұйымының
қайсыбір
бӛлімшесіндегі
психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және
еңбек ӛнімділігінің созылмалы тӛмендеуінің оқушылардың үлгермеушілігі мен
тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады.
Персоналдық
ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке даралық
қабілеттерін жоспарлы зерттеу психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға
қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға
жатады.
Психодиагностика бӛлімінде маманданған
психолог нақты адамдардың
(ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық
әдістерін қолданудың құрылымымен мүмкіндігін талдауға арқау етеді.
Психологиялық диагноздың маңызды терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың
тиімділігі үшін бастапқы пункт болып табылатынымен оның маңыздылығы
анықталады. Болжау бұл диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі
зайыптылардың
арасындағы
ӛзара
қатынастардың
басщы
мен
оның
қоластындағылардың дамуын жорамалдау.
Практикалық психологияның эскперимент (сараптама)
қызметі де
психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын
болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер,
құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық
сараптамадан ӛтеді.
Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе
теориялық меңгеру операцияларының бір текті амалдарының жиынтығы әдіс деп
аталады. Практикалық психологияның ӛзіне тән ерекше әдістері бар.
Оның біріншісі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету
әдістері (кеңес беру,
терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен ӛзара
әрекеттестік
сияқты
ұйымдастырушы
мәселелерді
шешу
қолданылатын.
Ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар.
Топтастырудың
екінші
тәсілі
психологтың
клиентке
ықпал
ету
қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде
клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған ӛзін едәуір тереңірек
түсінуге мүмкіндік беріп және хал-жағдайы мен мінез-құлқын ӛзгертуге ішкі
қорларын табуға мүмкіндік беретін жақсы диагностиканың ӛзі-ақ жеткілікті.
Неғұрлым күрделі жағдайда кеңес берген тиімді.
Осыған сәйкес практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық,
кеңес беруші және түзетуші терапевтік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика бұл психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс
жасайтын проблемаға тереңдеп енуі.
Практикалық психологиядағы психодиагностика екі жақты мәртебеге ие.
Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы
дербес бағыты болып
табылады, демек психолог кеңес беруге немесе психотепрапияға маманданған
психологтардың тапсырыстары бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды
орындап, сол салада мамандана алады.
Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмысы
міндетті сатылардың бірін құрайды. Екі жағдайда да
психодиагностика адамдардың
психологқа келетін ӛмірлік қиындықтардың диагнозын жасауға мүмкіндік беретін
ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдер мен процедуралардың кешенін
анықтайды.
Психодиагностиканың ӛзіне тән теориялық негізі бар.
Оның негізінде оны
теориялық пән ретінде қарастырады. Шынымен, идеялардың академиялық
психологиядан психологиялық тәжірибеге едәуір қарқынды жылжуына ықпал етіп
психодиагностикамен теориялық тұрғыда айналысуға болады.
Диагностикалыққа келесі әдістер жатады:
Достарыңызбен бөлісу: