Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет40/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)

Бақылау – 
зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген 
бірліктерді (кӛрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні 
мақсатты жүйелі қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – бұл: клиенттің 
психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын 
мақсатты жүйені қабылдау.
Әңгімелесу – 
психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының 
барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты 
алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы кӛмек кӛрсетудегі 
терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. 
Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, 
сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӚЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның 
барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген 
эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер 
клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және 
тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-
құлқы), ӛзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы 
әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рӛлдік және басқа да ойындар 
қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және 
ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.
Диагностикалық 
процедуралар 
практикалық 
психологияның 
әртүрлі 
мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің 
проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін ӛз бетінше ерекше 
кӛреді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі 
вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып 
табылады. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын 
жеткілікті дәрежеде толық схемасын қарастырып кӛрелік. Схемада клиенттің 
шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар, әрі сол мәліметтерді алуға болатын 
сұрақтар болмайды.
1. Демографиялық мәліметтер (жасы, айналысатын іс-әрекеттерінің түрі, 
отбасы жағдайы).
2. Проблеманың пайда болған тарихы: а) клиент проблемаға қашан кездесті, ол 
уақытта тағы басқа не болды; ә) проблема мінез-құлықта, соматикалық деңгейде, 
күйзеліс пен қатынас деңгейінде қалай кӛрініс береді (ол оны қаншалықты 
мазалайды; б) проблема қандай контекстіде қандай оқиғаларға, адамдарға қатысты 
кӛрініс табады; в) оның жағымды салдарға қандай; г) қандай қиыншылықтарды 
тудырады; ғ) клиент оны қалай және қандай нәтижемен шешуге тырысты).
3.Клиенттің психлогқа немесе психиатрға ӛткен шақта барғаны-бармағаны. 
Бұл мәліметтер психологтың психотерапевтік немесе кеңес беруші стратегияны 
құрастыруда бастапқы ұстанымды қалыптастыруда кӛмектеседі.
4. 
Білімі 
(сондай-ақ 
мектептегі, 
университеттегі 
құрдастарымен, 
оқытушыларымен қатынастары, оқыту кезіндегі дау – дамайлары). Мұның барлығы 
клиенттің әлеуметтік интеллектісінің ерекшеліктерін анықтау үшін, сондайақ білімін 
алудағы ықтималды травмалары жайлы жорамалды тексеру үшін қажет. 


5. Жұмысының сипаты, жұмысына қанағаттануы, қызметтестрімен қатынастары, 
ісәрекетімен байланысты едәуір маңызды стерссорлар. Мұндай мәліметтер клиент 
ӛміріндегі ксіби ісәрекеттің орнын бағалауға және жұмыстың оның ӛмірлік жолындағы 
әлсіз нәрсе емес пе екендігін анықтауда қоладынылады. 
6. Денсаулығы (аурулары, нақ осы шақтағы денсаулығының едәуір маңызды 
проблемалары, ата аналарының тарапынан және отбасында денсаулығына қамқор болуы, 
ұйқының, тәбеттің бұзылуы, дәрідәрмектерді пайдалануы және т.с.с.). Мұдай мәліметтер 
клиенттің ӛзінӛзі бағалауын, атап айтқанда оның ӛзінің денсаулығына деген қатынасын 
анықтауға, сондайақ денсаулығының нақ осы шақтағы күйінде психологиялық жұмысты 
жүргізудің қолайлығы жайлы мәселені шешуге мүмкіндік береді.
7. Әлеуметтік дамуы (ӛміріндегі неғұрлым маңызды оқиғалар, ерте естеліктер, 
ағымдағы ӛмірлік жағдай, күн тәртібі, жұмысы, айналысатын ісі, қарымқатынастары, 
әуестіктері, құндылықтары, нанымсенімдері). 
8. Отбасы, жанұясының әлқуаты, қарамақарсы жыныстағы адамдармен қарым-
қатынастары , секс (атаанасы жайлы мліметтер, олармен ӛткен және осы шақтағы қарым-
қатынасы, атаанасының клиентке қатысты қолданған жазалау шаралары, клиентке ӛз 
ойынша әкесінен, шешесінен қандай қасиеттері дарыған, олармен бірлесіп орындаған 
істері, ағабауырлары мен әпекесіңлілері және олармен қарымқатынастары жайлы 
мәліметтер, клиенттер олардың қайсысын кӛбірек немесе азырақ жақсы кӛрген, әкесе 
(анасы) олардың қайсысын кӛбірек жақсы кӛрген, қайсысымен клиент ӛзін жақсы немесе 
жаман сезінген). Қарамақарсы жыныстағы адамдармен қарымқатынастары, сондайақ сол 
қатынастар үзілген себептер. Зайыбымен қарымқатынастары. Балалары (саны, жасы). 
Клиентпен тағы кім бірге ӛмір сүреді. Сексуалды тәжірибесі, сексуалды белсенділігінің 
формалары.
Аталмыш схема бойынша жүргізілген сұхбаттасу клиенттің психологиялық 
мәртебесін, жалпы ӛмірлік жағдайын, бағалауға, ұрынған проблемаларының 
сипаттамасын, негізгі қиыншылықтарын, оның психологқа келуінің мотивациясын және 
проблеманы шешудегі мүмкіншіліктерін түсінуге жағдай жасайды. Ол анамнезді
тексерілуші және оның сырқатының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығын 
құрастыруға мүмкіндік береді. Әрине аталмыш сұхбаттасудың барлық ұстанымдарын 
пайдалану міндетті емес.
Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепетеңдігінің 
дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын 
қабылдайды. Мұндай әңгіме нақты да қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал 
етеді.
Сұхбаттасуда психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі 
шағымдарына кездеседі. Шағымдардың неғұрлым жиі кездесетін түрлерін жалпылап, 
топтастыру әрекеттері жасалынған. 
1.
«Түсініксіз» шағым. Клиент: «Менде барлығы да біртүрлі. Мен 
қалағаныма жете алмаймын. әрине, бұл әрқашан да олай емес. Алайда ол солай болғанда, 
мен ӛзімді бақытсыз сезінемін». «Түсініксіз» шағымдадың: (1) терапевтке деген 
сенімсіздік және (2) клиенттің ӛзіне проблеманың түсініксіз болуы сияқты екі себебі бар. 
Егер клиент шағымын айтуда проблеманы ғана келтірсе: «Ӛзімді бақытсыз 
сезінемін дегенде нені айтып отырсыз?» деп қосымша ақпаратты сұрауға болады. Алайда 
клиент сақтықты білдірсе, оның айтқанын қайталаған жӛн. Егер де шағым байыппен 
айтылса: «Дегенмен сіз ӛзіңізді байыпты ұстап отырсыз» деп айтуға болады. Немесе «Сіз 
проблемаңыз жайлы ерлікпен айтып отырсыз» деуге болады. Егер де клиент кӛз жасын 
әрең ұстап отырса: «Мен сізге ауыр екенін кӛріп (сезініп, түсініп) отырмын» деп, 
психологтың реакциясы ӛзгеше болуы тиіс. Психолотың мұндай реакциялары клиенттің 
ӛз күйзелістерінен шықпай, олар жайлы талқылауына мүмкіндік береді.
Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Ашық 
және жабық сұрақтар бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сӛздерен 


басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын аз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе 
«жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ 
әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз 
жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» деген қарсы сұрақты 
қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін 
тудырады. Сұрақтар тым кӛбейгенде де қорғаныс белсендіріледі. 
Жабық (тұйық) сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар 
клиенттің ұсынылған варианттардың біреуін таңдайтынындай құүрастырылады. Мәселен: 
«Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немсе екі жыл бұрын пайда болды ма?. Мұндай 
сұрақтар талқылау бӛлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық (тұйық) 
сұрақ бұл конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда 
орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтығының мерзімі екі жылдан 
аспайтыны алдын ала анықталғанда жағдайды натылауға кӛмектеседі. 
Клиентпен қарымқатынаста психолог арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді 
сипаттау, резюме немее рефлексивті емес және рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары 
қолданылады.
Арқау болу адамға оны тыңдап отырғаныңды кӛрсету. Ондай жағдайда 
айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», 
«солай ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлеміне 
оны ас мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін 
мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондайақ дыбыстық 
белгілер (мм,) ұқсас әсер етеді. 
Қайталау бұл тыңдаушының серігінің айтқандарынан қайсібір сӛзді (сӛздерді) 
қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сӛзді тадау қажет екендігін 
психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағыттарының бірін алдын ала 
анықтайды.
Қайта әңгімелеу клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу 
диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, 
түсіндірілгеніне сенімді етіп екеуіне де пайдалы. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын 
шатасудан және сӛздегі, ойдағы қарамақайшылықтардан тазартып, суреттелген кӛріністің 
тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді.
Сезімердің сәулеленуі бұл ең алдымен клиенттің сӛздерінде немесе вербалды 
емес мінезқұлқында кӛрінген күйзелістері жалы сӛзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы 
айтқанда мен оны сеземін...». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің ӛткен 
шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын тану 
қабілеті аталмыш шағын техниканы қолданудың алғы шарты болып табылады.
Резюме әңгіме бӛлшектерінің тұтастай бірікірілуі, алныған нәтижелердің 
айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның 
айтқандарының деректері мен барлық мазмұнын реттейді. Резюме ӛзекті деректер мен 
идеяларды тіркейді, клиентке деген назарды кӛрсетеді және де мақсатты (қалаулы 
нәтижені) құрарастырудың негзн даярлайды.
Клиенттің вербалды емес мінезқұлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сӛз 
арқылы жеткізілген мінезқұлқынан құндылығы тӛмен болмайтын ақпаратты қамтитын, 
практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болып табылатын бақылау 
сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке 
шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды. 
Практикалық психологтың жұмысы кӛптеген вербалды емес интеракцияларды 
қамтиды. Ымишара тілі бұл кеңес беру, психологиялық түзету және псиотерапия 
құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада 
қабылдағанды, яғни оның сӛздеріне назар адармай, оның ӛзін қалай ұстайтынынан, 
ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды ӛте құнды деп 
есептеймін» деп жазған. 


Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну практикалық психологтың қажетті 
кәсіби дағдылары. Вербалды емес тілге тӛрт түрлі ақпарат жатады.
1.
Ӛзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинетің 
безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да 
бӛлшектер. 
2.
Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ымишаралары, сӛздегі 
интонациялары) сӛз турасындағы ақтаңдақтарды ӛзгертетін маңызды ақпаратқа ие.
3.
Вербалды емес қатынастуды интерпретациялаудың жекедара тәсілі: 
бір ған белгілер ӛзге мәдениетке жататын аамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес 
хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі ӛгеше болуы мүмкн. Сәйкес 
зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының дауыс 
тембрінң кейбір клиенттермен жұмыста мүлде жарамайтынын кӛрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет