Клиникалық интервью –
психологиялық кӛмек кӛрсету кезіндегі терапиялық әңгіме әдісі. Әңгіме жүргізі
барысында
эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады. Ол психологтың бірге уайымдау
жолы арқылы әңгімелесушіні түсіну қабілетіне негізделген.
Практикалық психолог іс әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиент
мәселесін зерттеуге бағытталған. Мұндай мақсатта келесі әдістер қолданылады:
стандартталған және терең интервью, бақылау (әсіресе клиенттің вербальді емес
әрекеттерін), ӛзін ӛзі бақылау (клиенттің ӛзінің уайымдары, ойлары мен қиындықтары
туралы әңгімесі), тесттер, проективті әдістер, рольдік және ӛзге де ойындар.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның күнделікті және
соңғы нәтижелерін бағалау үшін де қолданылады. Диагностикалық процедураларды
қолдану практикалық психологияның әр түрлі мектептері мен бағыттарында әр түрлі
қолданады. Әрбір мектеп клиенттің мәселесін кӛруі мен мақсатымен және оларды шешу
мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Практикалық психологияның барлық мектептерінде белгілі бір вариациямен
қолданылатын міндетті, негізгі диагностикалық құрал – ол интервью. Психологтың
диагностикалық жұмысында сұрақтар маңызды орын алады. Сұрақтар ашық және жабық
сұрақтар болып екіге бӛлінеді.Әдетте ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «сіз істей алар
ма едіңіз», «ал егер» деген сӛздерден басталады. Мұндай сұрақтар клиенттің таңдауын
минимальді деңгейде шектейді және «ия» немесе «жоқ» деген сияқты қысқа жауаптарға
жүгіруге мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ – бұл әңгімеге шақыру. Ашық сұрақ кейбір
жағдайларда клиентті қиын жағдайға қалдырады. Сол кезде қарсы сұрақ алуға болады:
«Сізді нақты не қызықтырады?» «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып,
қорғануға деген тілек тудырады. Сұрақ кӛп болған кезде де қорғаныс ӛрши түседі.
Жабық сұрақтар клиентке шектелген таңдауды ұсынады. Олар клиент
ұсынылғандардың ішінен біреуін таңдап алатындай етіп құрлады, мысалы, «Сізді
мазалайтын тенденция бір жыл бұрын пайда болды ма, әлде екі жыл бұрын пайда болды
ма?» мұндай сұрақтар талқылау аймағын қысқартуда және зейінді шоғырландыруда
қажет. Жабық сұрақ – конвергентті ойлаудың белгісі; ол мәселелік аймақ анықталған
кезде орынды және тиімді. Мәселенің мерзімі екі жылдан аспағаны алдын ала белгілі
болған жағдайда келтірілген сұрақ жағдайды анықтауға кӛмектеседі.
Практикалық психологияның кейбір мектептері клиент туралы мәліметті сұрақсыз
алуды қолдап, сұрақтарға қарсылық білдіреді. осындай мақсатқа қарым-қатынастың
қолдау, мазмұнын айту, сезімін білдіру, резюме сияқты әдістері мен рефлексивті емес
және рефлексивті тыңдау тәсілдері қызмет етеді.
Қолдау – бұл адамға оны тыңдап отырғанын кӛрсету тәсілі.
Қайталау - әріптесінің айтқандарының ішіндегі қандай да бір сӛзді қайталауға
құрылған тыңдаушының реакциясы.
Мазмұнын айту- клиенттің негізгі ойларының қышқаша мазмұны.
Сезімін білдіру- клиенттің сӛзінде немесе вербальді емес әрекеттерінде кӛрініс
беретін уайымдары туралы хабар беру.
Резюме- әңгіме фрагменттерін бір тұтастыққа біріктіре білу, алынған нәтижелерді
анықтап бекіте білу.
Бақылау интервьюмен тығыз байланысты, клиенттің вервальсіз әрекеттерін
зерттеуге мүмкіндік беретін практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі
болып табылады.