Гештальт-топтары. Олар психоталдау, экзистенционалдық философия, гештальт-
психология және В.Райхтың теориясы негізінде әзірленді. Кездесу топтары мен Т-
топтарынан айырмашылығы – жетекшінің зор белсенділігінде. Ол топтық жаттығулардан
бастап, ерікті қатысушыға «жағымды орынды» иеленуді ұсынады. Ерікті қатысушы «енді
және осында» қағидасын ұстанып және ӛз санасының мазмұнына жауап беру қажет.
Жетекші ерікті қатысушының іс-әрекеттерін түсіндірмейді, керісінше, оның
әңгімесіне еріп, ӛзіндік сезімдерін түсіну талаптарына кӛмек кӛрсетіп жәрдемдеседі. Бұл
арқылы жетекші мен ерікті қатысушы «қазіргіні» сезінуге жағдай туғызады. Табысқа жету
үшін топтың жетекшісі топ мүшелерінің қажеттіліктеріне сай қазіргі сәттегі гештальт
тәжірибелерді шығармашылық түрде таңдайды. «Қазіргіні» сезіну ерікті қатысушының не
жасап жатқанын, сонымен қатар осы сәтте нені сезініп жатқанына бағытталған зейіні
арқылы жүзеге асады. Бұл ым-ишара, жүріс-тұрыс, ӛз дауысының дыбысы, қолданылатын
сӛздер, ішкі дененің сезімдері, демалу, ой, қиял және кӛптеген тағы басқа іс-әрекеттер
болу мүмкін. Ең алдымен қарым-қатынастың түрлі вербалсыз элементтеріне кӛңіл
аударылады.