мүшелеріне тренингтің осы бӛлігі үлкен роль атқарады, осы бӛлім қалай басталса,
тренингте осы мазмұнда ӛтеді.
Тренингтің әрбір сабағы ритуалмен басталып, ритуалмен аяқталады, яғни ән салу,
қатысушылардың бірі-біріне тілек айтуы, т.б.
Әрбір сабақты бастағанда тренер ӛткен сабақ бойынша шолу жасайды. Қатысушылардан
ӛткен сабақ жӛнінде ӛздерінің сезімдері мен пікірлерін сұрау ӛте маңызды . Ӛткен
кездесудегі ең маңызды сәттерді еске түсірудің ӛзі топ мүшелерінің арасындағы қарым-
қатынасты қалыптастыруға кӛмектеседі.
Тәжірибелі тренер психология саласында
теориялық білімге ие болып,
адамдармен олардың ӛмірдегі қиын мәселелерін дұрыс шеше алуы керек. Психолог-
тренер ӛз тәжірибесінде жаттығудың белсенді әдістерін қолданады, сонымен қатар ол
ӛзіне оқытушылық, жаттықтырушылық, экспериментаторлық міндеттерді жүктейді.
Психолог-тренердің жұмысының ең негізгі формасы – топтық психологиялық
тренингтерді түрлі бағыттар мен формаларда ӛткізу.
Тренингті топтық дискуссия, ойын түрінде ӛткізуге болады, ең бастысы – оның
шын кӛңілден ӛткізілуі керек.
Әрбір тренинг 3-15 сабақтан, олар
бірнеше жаттығулардан тұрады, қатысушы
адамдардың саны 10-12-ге дейін болуы керек. Тренинг ӛзінің мазмұнына және ӛткізілу
бағытына қарай 2-2,5 сағат жүргізіледі, оны аптасына 1-2 рет ӛткізеді. Ойын тренингінің
жаттығуларын 2-4 адамдар тобымен де ӛткізуге болады, ол кейбір адамдардың ӛтінішіне
байланысты, мысалы, кейбір адамдар бірнеше адам қатысатын тренингтерде ӛздерін
тұйық ұстайды, ӛзін толықтай аша алмайды, осындай себептерге байланысты тренингке
қатысушы адамдардың санын азайтуға болады.
Тренингті оқытудың бір формасы, деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен
пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады. Психологиялық тренинг
басқа адамдарды терең түсінуге кӛмектеседі, ӛз бейнесін басқалардың қалай
кӛретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді, ӛз мүмкіндіктерін кӛруге, ӛзіндік санасын
жетілдіруге жағдай жасайды.
Психологиялық тренингтер адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа
мазмұнының қалыптасуына
жағдай жасай отыра, психология ғылымының түрлі
салаларында, психотерапияның элементтерінде, ақыл-ой еңбегін шығармашылықпен
ұйымдастыруда, ұстаздың оқу-тәрбие процесін ұтымды дамытуына, жалпы қандай ортада
да адамдардың кӛңіл-күйінің жағымды реттелуіне әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, тренингтерді сауатты ӛткізе білу болашақ психолог-мамандардың
теориялық білімін тәжірибемен байланыстыра білуіне, адамдар арасындағы қарым-
қатынас психологиясын меңгеруіне, ӛндіріс психологтарына адамдардың қоғамға, оның
ӛзгерістеріне, еңбекке кӛзқарастарын анықтауға, олардың
іскерлік сапаларын шыңдауға,
ӛндіріс ұжымы арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды
орнатуға жағдай жасайды.
Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы - тренинг біліктілігі жоғары
маманның басшылығымен ӛтеді.
Психологиялық тренингтерді жүргізуші тренердің есіне!
Сіздің басты әрекетініз – алғашқы және кезекті жаттығуларды әрбір адамға, топ
мүшелерінің барлығына әсер ететіндей етіп ӛткізу. Сіздің топқа кӛмегіңіз:
1.Жаттығу ӛткізетін орынды даярлау, ойынды әуенмен жабдықтау, сурет салуға
арналған альбомды,
жазуға арналған қағаз, карандаш, тапсырмалар мен жаттығулар
жиынтығын даярлау.
2. Сабаққа қатысушыларды тренингтің ереже-нұсқауларымен таныстыру.
3. Жаттығуларды бірігіп талдау жасауға үйрету.
4.Тренингтің ритуалдарын дұрыс ұйымдастыруғ және сақтау.
5.Әрбір адамның атын біліп, онымен «СЕН»деп пікірлесу.