Шейн мен Бейнес (1965) лабароториялық тренингтің мақсаттары мына
аспектілерден тұрады деп, кӛрсетеді:
1.
Психологиялық қорғану барьерлерін тӛмендету және жекелей дәрежеде
сенімсіздікті жою есебінен ӛзін-ӛзі тануын дамыту.
2.
Топтық қызмет жасауына кедергі келтіретін немесе жеңілдететін шарттарды
түсіну.
3.
Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін топта бірлескен қатынастың
дәрежесіне жету.
4.
Ұйымдастырылған топтың, жекелей мәселелерді диагностикалау іскерлігін игеру.
Мысалы, топтағы тартысты жағдайды шешуі немесе топтың бірігуін нығайту.
Т- топтың әр түрлі бағыттарын олардың жалпы принциптері мен топтық динамиканың
элементтері байланыстырады.
Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді:
1.
Топтың мақсаты.
2.
Топтың нормасы.
3.
Топтың құрылымы және лидер мәселесі.
4.
Топтың бірлігі.
5.
Топтың даму фазалары.
Г.С.Абрамова ӛзінің еңбегінде мынадай тұлғалық қасиеттердің даму әдістерін
кӛрсетеді:
Т-топтар
(тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі
топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын. Мұндай топтар «енді және
осында» қағидасын ұстанып, лабораторияның ерекше оқытылатындары сияқты
назарларын қауіпсіз жерде іс-әрекеттің жаңа түрлерін сынаумен бекітті. Оқытылатын
цикл келесі кезеңдерден құрылады: ӛзін-ӛзі таныстыру – кері байланыс – тәжірибе ӛткізу.
Ашықтық – мұндай топтағы іс-әрекеттің негізгі аспектісі болып табылады. Т-топтағы
адамдар вербалды және вербалсыз түрде басқа адамдарға ӛз сезімдерін білдіруге
тырысып, оқып үйренеді. Қатысушылардың ӛзара қарым-қатынастарын зерттеу бойынша
ӛзара жұмыс жасауға кіргізу үшін жетекшінің маңызы ӛте зор, содан кейін жетекшіліктен
бас тарту қажет. Кездесу топтары. Т-топтардан айырмашылығы бұл топтарда топтың
динамикасын оқып үйренуге қарғанда, бӛлек тұлғаның әлдеқайда тез дамуына
бағытталған. Соынмен қатар, олар тұтас сезімге немесе белгілі бір міндетке бағытталған
топтарға бӛлінеді. Кезедесу топтың басты бағыты қарқынды қарым-қатынасты
қалыптастыру, әдетте, нақты тақырыптар пікір-сайыс үшін арнайы жоспарланбайды,
топтағы қатысушылар тудырған ӛзара түрлі қарым-қатынастар талқыланады.
Жоспарланған жаттығулар мен тәсілдерді жетекші қолданбайды. Ол тұлғада біртіндеп
еркіндік пайда болып, қорғаныш кішірейген кезде, психологиялық қауіпсіздік климатын
туғызу үшін жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: