Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)
№4,2 Жасушаның ген. аппар, 5 апта Жас Ишки секция, 5 апта Реферат
Психодрама
Бұл топтық үрдісте адамның ішкі әлемін зерттеуде драмалық 
импровизация құралдары қолданылады. Психодрамада ең бастысы - ӛз қалауы бойынша 
рольдық ойындар ойнау. Психодрамада кӛптеген қолданылатын терминдер театрмен 
байланысты болса да, рольдық ойындарға арнайы дайындалу жаттығулары 
қолданылмайды, актерлік тек кедергі болады. Нақты психодрамалық іс-әрекеттердің 
субъектісі болатын топтың мүшесі ӛз ӛмірінен оқиғаларды бейнелейді («протагонист»). 
Онымен жұмыс жасағанда, «протагонисттің» ӛмірінен басқа да маңызды адамдарды
бейнелеу үшін, басқа қатысушылар да қосылады. Кейбір топтарда мұндай «кӛмектесетін 
"Мен"» маңызы, рольге тез ену үшін арнайы дайындалған маман-актерлер орындайды. 
Топтың басқа да мүшелері сабақтың қорытынды сәтінде болып жатқан жағдайға ӛз 
қатынастырн кӛрсетеді. 
Кездесу топтары мен Т-топтарының психодрама мен гештальт-терапияның 
айырмашылығы – ең алдымен қатысушылар болып жатқан жағдайға жауапкершілікпен 
кірісіп, белсенділік танытады, ал топ жетекшісінің белсенділігі маңызды рӛл атқармайды. 
Яғни, топтағы тренинг және топтық тренинг жайлы сӛз қозғауға болады.
Осыдан басқа «лайфспринг» сияқты топтық жұмыс жасаудың түрін айтуға болады, 
оның мақсаты түрлі тапсырмалардың кӛмегімен жеткілікті сандық топтағы дербес 
тиімділікті арттыру, сонымен қатар, В.Эрхардтың ЭСТ-терапиясы. Ол топтың 
маңыздылығына ерекше кӛңіл бӛлінетін, әрбір қатысушыда бұрын қолданылмаған немесе 
жай бейтаныс ресурстарды ашуға кӛмектесетін семинар түрінде ӛткізіледі.
Ресейдегі 
әлеуметтік 
психологияның 
құзіретін 
дамуына 
бағытталған
психологияның тәжірибелік топтық саласы «әлеуметтік-психологиялық тренинг» (ӘПТ) 
атаққа ие болды. Терминнің авторы – М.Форверг. Мұндай тӛтенше кең ұғыммен түрлі 
әдіс-тәсілдердің 
сандық 
мӛлшерін 
бейнелейді. 
Отандық 
психологияда 
бұл, 
Г.А.Андрееваның, 
Н.Н.Богомолованың, 
А.А.Бодалевтың, 
Ю.Н.Емельяновтың, 
А.С.Золотнякованың, Г.А.Ковалевтың, Л.А.Петровскаяның, Т.С.Яценконың және т.б. 
еңбектерінде нақтылай қарастырылған. Әлеуметтік психологияның топтық психотерапия 
(Г.Л.Исурина, Б.Д.Карвасарский) және шетел тілін қарқынды оқыту (Г.Л.Китайгородская) 
сияқты салаларымен байланысты психологиялық ықпалдың мұндай түрлері белсенді 
түрде әзірленуде. Сонымен қатар, мұндай әдіс жанұялық қатынастарды түзету және 
жасӛспірімдердің бейімделуі тәжірибесінде табысты орынды иеленді. Лабораториялық 
тәжірибеде және нақты элементтерді ӛзінде біріктірумен қатар, тұлғалық қасиеттердің 
даму саласында міндеттердің кең шеңберін шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік-
психологиялық тренинг психологиялық ықпалдың тиімді тәсілі болып табылады. 
Арттерапия 
– 
психотерапияның 
ӛнер 
туындыларымен 
және 
дербес 
шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі. 
Кӛптеген мәселелер бойынша талдау жасауға мүмкіндік беретін жан-жақты әдіс 
болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады. 
- Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырптардың 
айқындалу тәсілдерінің ӛзгерісіне ерекше кӛңіл бӛлген маңызды. Ӛзгеріс бірден ауқымды 
болмайды. Мұндай ӛзгеріс кейіпкерлер кӛлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің 
қара түстерден ашық түстерге ӛзгеруі, кейіпкер кӛлемінің ұлғаюы - басым позитивтіліктің 
қалыптасуын білдіретін маңызды критериилер болып табылады. 
- Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады. 
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не 
ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге 
болады? Оған қалай кӛмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны 
жақсарту үшін не істеу керек? 
- Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға 
бірнеше шаршыларға бӛлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны 


мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер 
қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды 
динамика да маңызды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет