Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет44/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)

Кеңес беру психологиясы
практикалық 
психологияныңпсихотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық кӛмек кӛрсетудің 
тәілдерін жасайтын саласы. Ол психологкеңсші мен клиенттің арасындағы арнайы 
құрылған қарымқатынастың барысында психологиялық проблемаларды тудыратын 
себептер түсініктемесінің, сондайақ клиенттің ішкі және тұлғааралық проблемаларды 
неғұрлым епті шешуіне мүмкіндік беретін әдістердің табылуынан бастау алады.


Психологиялық кеңес берудің: клиникалық, басқарушы, ұйымдастырушы, 
педагогикалық сынды адамдардың тәжірибенің қандай саласында психологтың кеңесіне 
мұқтаж болуларына байланысты т.с.с. кӛптеген түрлері бар. Ағылшын психологы 
М.Херберт «сіз кеңесшілерді мектептерде, ӛнеркәсіп кәсіпорындарында, ауруханаларда, 
әлеметтік қызметтерде кездестіре аласыз; неке, ажырасу мәселелері жӛнінен кеңесшілер 
болады; атааналарға, студенттерге, зейнеткерлерге кеңес беріледі». 
Клиент бастапқы диагностика үрдісінің ӛзіндеақ нақты кеңес беруші кӛмекті 
алады. Сұхбаттасудың барлық кезеңдері клиентке түсініксіз мәселеледің жауабын алуға 
мүмкіндік береді. Алайда проблеманың шешілуіне жауап беретін және психологтың 
мақсатты ықпалын қамтитын кеңес беру процесінің орталық бӛлімі алынып қойған 
диагностикалық мәлімтеттерге арқау етуді болжайды. Сұхбаттасудың аталмыш кезеңі 
қалауллы нәтижнің, яғни мақсаттың сезілуі ретінде белгіленеді. Психолог клиентпен бірге 
оның идеалын оның қандай болғысы келетінін, ӛірінде қандай жағдайлардың болатынын, 
проблемаларының қашан шешілетінін анықтайды. Клиент үшін кеңес беруші ықпал кезеңі 
ерекше кӛрінбейді. Сұхбаттасудың бүкіл барысы оны «инсайтқа» итермелейді. Оның 
бойында орын ала бастаған ӛзгерістер: «Барлығын мен ӛзім түсіндім» деген оймен 
дербес қуатының нәтижесі ретінде сезіледі. 
Психологтар кеңес беру процесінде ықпал етудің әйкес әдістерін қолданады.
Кері ақпараттың ұсынылуы клиентке тән әрекеттері, сезімдері мен ойлары 
нәтижелерін қабылдау және бағалау дағдыларын арттыруға негізделген әдіс. Ол клиентте 
мінезқұлқына деген әлеуметтік реакцияларына сезімталдығы тӛмендегенде немесе 
зақымданғанда не болмаса ол әлеуметтік ортаның әлеметтік үйреншікті ортасында 
тіршілік етсе ерекше пайдалы. Психологтың кері байланыс каналдары бойынша берілген 
жауаптары кеңес беру процесінде аса маңызды рӛл ойнайды, олардың кӛмегімен 
клиенттің ақпаратты беру процсіне ықпал етіледі. 
Кері байланыс әдісі американдық психолог К.Р.Роджерстің әрбір адамның 
шешетін негізгі міндеті деп атаған адам қажеттіліктерінің аса маңызды түріне сүйенеді. 
«... Мен әрбір клиенттің бір ғана сұрақты қоятынын аңғардым. Индивидтің шағымданған 
проблемді жағдайының, оқудағы, әйелімен, бастығымен проблемаларының, ӛзінің 
қадағаланбайтын немесе оғаш мінез-құлқынындағы проблемаларының, үркітетін 
сезімдерінің астарында клиенттің негізгі ізденісін құрайтын нәрсе жатады. Меніңше, әрбір 
адам жанының тереңінде: Шын мәнінде мен кіммін? Мен ӛзімнің істіртін мінез- 
құлқымның астарында жатқан «Меніммен» қалайша қатынасқа түсемін? Қалайша мен ӛз 
ӛзіме келе аламын?» деп сұрайды. Адамның бәрінен де артық жетуге тырысқан мақсаты, 
ӛзі саналы несмесе бейсаналы кӛздейтін мақсатыоның ӛз ӛзімен болуында». 
Кері ақпараттың ұсынылуы нақты ережелерге бағынады: 

Мейлінше клиенттің нақты әрекеттерін еске алу: 

Оның әрекеттерін тудыратын сезімдерді сӛз ету; 

Клиент мінез-құлқының жағымды әрі жағымсыз салдарын ескеру; 

Клиенттің тұлғасының оның ӛз құзырындағы қасиеттерін пайдалану. 
Кері ақпараттың бағалар, кеңестер мен тиымдар түрінде ұсынылуы, сондай-ақ 
тұлғаның маңызды қасиеттеріне нұсқау, пікірлердің сыншылдығы кеңес беру процесін 
біршама қиындатады және оны үзуі де мүмкін.
Осымен қатар кері байланысқа деген дұрыс қатынасқа үйрету шаралары да жүзеге 
асырылады. 
Ӛз кезегінде психолог оған клиенттің білдірген кері байланыстың белгілеріне кәсіби 
сезімтал болуы тиіс.
Интерпретация - кеңес берудің келесі әдісі болып табылады. Бұл клиенттің 
теорияның немесе психологтың жеке тәжірибесінің негізінде жағдайды жаңаша 
альтернативті елестетуі. Интерпретация клиенттің айтқандарына немесе кӛрсеткендеріне, 
сондай 
–ақ 
қарым 
–қатынас 
процесінде 
диагностикалық 
әдістемелер 
мен 


процедуралардың кӛмегімен анықталғандарға жаңаша түсініктеме беру – талқылау 
түрінде жүзеге асуы мүмкін.
Интерпретация кеңес берудің басқа әдістерінің негізі болып табылады. Сондай –ақ 
ол клиент кӛңіл –күйі мен мінез –құлқының ӛзгеруіне де ықпал етеді. Кейбір жағдайларда 
интерпретация симптомды клиенттің ӛзіне түсініксіз кедергіден, шешуге болатын және 
шешілуі тиіс анықталған міндетке айналдырып, оның мазасыздығын тӛмендету 
мақсатында қолданылады.
Интерпретацияның барысында күйзелістер мен әрекеттердің, ойлар ен езімдердің, 
адамдарға деген қатынастар мен олардың реакциялардың арасындағысебеп –салдарлы 
байланыстар айғақталады. Сонымен бірге мұнда клиенттіңшығармашылығын, 
психологиялық міндетті шешу тәсілдерін ӛз бетінше іздеуін ынталадыратын аналогиялар 
(ұқсастықтар), бейнелер мен теңеулер қолданылады.
Интерпретация жүйеленген және теориялық анықталған дәлелдерді, диагностикалық 
зерттеудің нәтижелерін қолданса оның сенімділігі арта түседі. Клиенттің дерекетрді, 
ойлар ен сезімдерді ӛз бетінше интерпретацилау да орынды. 
Интерпретация адамдардың дербес әрекеттерін рационализациялау қажеттіліктеріне 
негізделеді. Алайда ондай ақыл –ой қызметінің клиенттермен орында –лғаны маңызды: 
«Ондай ойды мен ӛзім айттым, сондықтан мен оған сенуім керек. Мен оны нақты 
мақсатты жүзеге асыру үшін жасағаныма сенуім керек». 
Себептердің ақиқатқа сай түсіндірілуі және проблеманың ықтималды шешімдерінің 
ұсынылы кеңес берудің маңызды әдісі болып табылады. Ықти –малды шешімдердің 
ұсынылуы – тиімді кеңес берудің негізгі талабы болып табылады. Адамдардың неліктен 
кӛмек сұрайтындарының кӛптеген себептерінің ішінен екі себеп неғұрлым жиі кездеседі. 
Адамдар проблемаларды және оның себептерін түсінбейді, не болмаса оның шешімін 
таппайды (кейде олар проблеманың шешімін кӛрсе де оны қабылдауға қабілсіз болады). 
Кеңес беру жүйесі клентті дұрыс кӛзқарасқа бағыттау механизміне ие. 
Кеңесшінің бұйрықшыл емес ұстанымы жан –жақты негізделсе де клиент 
түсіндірмелер мен ықтималды шешімдерді табуда оған сұраныс береді. Егер шешімнің 
пісіп жетілу сатысында клиенттің дербес қорытындыға келе алатынының сенімділігі 
болмаса да оны клиентке қолайлы үлгіде ұсынған жӛн. 
Кеңес – бұл шешімге әкелетін шешімдерді немесе әрекеттерді ұсну. Оған неғұрлым 
мұқтаж болса, ол соғұрлым жақсы қабылданады. Клиент кеңес сұраса, кеңес беру қажет. 
Жоқ болса үндемеу керек. Деген ереже бар. «Егер клиент сізден проблеманың шешімін 
талап етсе, сіз ӛзіңіздің оың орнында емес екендігіңізді әрі тек оның ӛзі ғана жалғыз 
дұрыс шешімді қабылдай алатынын түсіндіріңіз. Егер клиент табандап тұрып алса, ӛз 
ойыңызды жасырмай айтып, сіздің ол емес екендігіңізді ерекеш айтып ӛтіңіз. Егер де 
сіздің кеңесіңіз клиентке кӛмектесіп, рұхтандырса, оған кеңес беріңіз».
Клиенттердің еш қарсылықсыз және бӛлшектенген ойсыз кеңесшінің кӛзқарасын 
қабылдауға бұлтартпастан дайын болатына сенген аңғырртық болар еді. Олар 
проблеманың ӛздеріне қажет шешімін және түсіністікті іздейді. Психологтың пікірі 
клиенттерге рационалды шешімді ӛз бетінше іздеудің бастапқы нүктесі ретінде қажет.
Алайда барлық шешімдер қолайлы бола бермейді. Шешімнің әрекетшіл болуы үшін 
ол клиенттің ӛмір филосойиясының кеңеске алып келгенімен салыстырғанда жақсысын 
ұсынуы тиіс.
Психологтар кеңес беру процесінде әрдайым клиенттің проблеманы ӛз бетінше шеше 
алатынына сенімділікті қалыптастыру үшін «оған таңдауы үшін жауапкершілікті ӛз 
мойнына алуға кӛмектесу» деп аталатын әдісті қоладанады. Психолог –кеңесшінің негізгі 
сызығы клиенттің проблеманы ӛз бетінше шешуіне кӛмектесунде. Әриен психолог 
проблеманың ықтималды шешімдерін кӛрсете алады, алайда шешімнің ӛзі оған тиесілі 
болуы қажет – оны оның ӛзі жасауы, оған ӛз бетінше келіп, оған сенуі тиіс.
Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының кӛп түрінің бірі, онда терапевтік 
қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы 


терапиясын ӛзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты 
мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, ӛзара әрекеттерінің ӛзгеруіне және жеке 
тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы 
терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру 
тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік 
ӛзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік 
ресурсын табуға кӛмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сӛз етеді. Отбасылық 
кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-
эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны 
болып табылады.
Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері тӛмендегідей бірлікте 
қарастырылады: 
1.Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін 
айтушы араында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, 
кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сӛйлеу құралдарын қолдана білуі, 
репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады. 
2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік 
метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын 
қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды 
нәтижеге жету жолдарын кӛріп тұрсыз ба?» 
3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау 
болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бӛлінеді, 
кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен
мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент ӛз белсенділігіне, ӛзінің ролдік 
мінез-құлқын ӛзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық 
талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік 
кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді 
жоспарлау), сондай-ақ тӛлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау 
шаралары да қаралып ӛтеді.
4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке отбасы мүшелерінің әрқайсыларының 
ресурстарын анықтау. Оған тӛмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты 
қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не кӛмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда ӛзіңізді күшті 
сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?» 
5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты
аяқталатынына сенімін ұялату: « Сіздің ӛзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, 
белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, 
оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола 
алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары 
талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз 
жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа 
үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз 
тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда ӛзін 
қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің 
осындай әрекет етуіңізге не кӛмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана 
алады, клиент транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен 
шығарады. 
6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он 
жыл ӛткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, ӛз жағдайыңыз қалай? 
7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына 
күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте кӛрсету 
жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу 


немесе бірнеше уақыт ӛткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға 
шақыру.
8. Бӛліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай 
Джей Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма» кӛмегімен нақты орындату қарама-қарсы 
нәтижеге әкелетін кӛрсетті. Жаңа ұйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде ӛз 
сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «ӛз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды 
ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде ӛзіне қиянат 
жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап кӛріп, 
кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» 
қызметінен бас тартқан. Осылай бӛліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық 
кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық 
орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде 
және басқа мекемелерде ӛз қызметін кӛрсетуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет