«Шартсыз жағымды қатынас».
Терапевт ӛзінің клиентті шын кӛңілмен қамқорға
алатынын, оны адам ретінде қабылдап, ӛзгеру қабілетіне сенетінін кӛрсетеді. Бұл
клиенттің айтқандары қандай «жаман», «оғаш» немесе «ер жүректі» кӛрінсе де, оны үзбей
тыңдау даярлығын білдіреді. Терапевтің клиенттің барлық айтқандарын мақұлдауы
міндетті емес, бірақ ол оны бағаланушы адамның шынайы бӛлігі ретінде мойындауы тиіс.
Сонымен бірге, терапевт клиенттердің проблемаларын ӛз беттерінше шешулеріне сенім
артуы тиіс, яғни ол кеңес бермейді. Кеңес, дейді Роджерс клиенттің біліксіздігі немеме
тепе –тең еместігі жайлы жасырын хабарламаны береді, –бұл оны ӛз ӛзіне аса сенімді емес
және едәуір тәуелді етеді.
Эмпатия.
Терапияның кӛптеген түрлері клиентке сырт келбетінен кӛзқарасты
ұсынады. Эмпатия ішкі кӛзқарасты, оның нені ойлай және сезіне алатынына
шоғырлануды талап етеді. Терапевт клиентке диагностикалық жарлықты ілуге ұмтылған
сырттай бақылаушы ретінде емес, әлемнің оның ойынша қалай кӛрінетінін түсінгісі
келетін адам ретінде әрекет етеді.
Эмпатия жайлы: «Мен түсінемін», «Мен сіздің қазір қандай сезімде екендігіңізді
білемін» деген сӛздермен хабалауға болмайды. Терапевт клиентті белсенді тыңдап
отырғанын кӛрсетіп, эмпатия вербалды емес түрде жеткізеді. Терапевтер шебер
сұхбаттасушылар ретінде клиентпен кӛз арқылы түйісуді қолданып, оның сӛйлеуге
даярлығын ыммен қолдап отырады, кері ақпаратты жеткізудің вербалды емес
құралдарының барлық арсеналын қолданады. Кейде бұл амал
рефлексия
(сәулелендіру)
деп аталады. Клиенттердің кӛпшілігі эмпатиялық сәулелендіруге ӛз сезімдеріне мұқият
назар аударумен жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |