Психопрофилактиканы индивид психикасының
дамуына және психологиялық
денсаулықты арттыруға бағытталған тәжірибелік психолог пен психология пәні
оқытушыларының іс-әрекетінің ерекше түрі деп қарастырамыз.
Олай
болса
психологиялық
қызмет
кӛрсетуде
психопрофилактикалық
жұмыстардың маңызы ӛте зор. Алайда психопрофилактикалық жұмыстар тәжірибелік
психологтар мен психология пәні оқытушыларының іс- әрекеттерінің бір түрі
ретінде
ғылым мен тәжірибеде кӛп қарастырылмаған .
Дегенмен
болашақ
практикалық
психолог
жұмыс
барысында
психопрофилактикалық жұмыстардың әр түрлі формаларын іс жүзінде кӛріп, ӛзі де
бірқатар психологиялық тапсырмаларды жүзеге асырады.
Психопрофилактикалық жұмыстардың міндеттері :
А) ұжымда, топ ішінде әрбір адамның толыққанды психикалық дамуына және тұлға
ретінде жетілуіне психологиялық жағдайды сақтау.
Б ) ұжымда, топ ішінде әрбір адамға қатысты интеллектік және тұлғалық дамудағы
қиыншылықтар мен бұзуларға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктерді анықтау,
олардың алдын-алу.
В) ұжымдағы топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша ӛзгерістердің
теріс жағдайда асқынып кетпеуіне жағдай жасау.
Г)
ұжымдағы , топ ішіндегі психологиялық климаттың оңтайлы болуына жағдай жасау.
Д) ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіру мотивациясын арттыру.
Сонда психологиялық қызмет аясындағы психопрофилактикалық жұмыстардың
мазмұны тӛмендегідей болмақ:
1.
Ұжымда, топ ішінде әрбір адамды толыққанды психикалық дамыту және тұлға
ретінде жетілдіру бағдарламасы жасалады.
2.
Ұжымдағы, топтағы әрбір адамның кейіннен интеллектік және тұлғалық
дамуындағы
қиыншылықтары
мен
патологияға
әкеліп
соқтыратын
психологиялық ерекшеліктері анықталады.
3.
Ұжымдағы, топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық
кезеңдері бойынша
ӛзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетуіне мүмкіндік бермейді.
4.
Ұжымдағы, топтағы оқу, еңбек іс-әрекеттеріне шамадан тыс талаптар қоюдан
немесе моральдік қысым жасалудан
адамдарға психологиялық, физикалық
жағынан артық күш түспеуі қадағаланады.
5.
Ұжымда, топта кәсіби бағдар беру, кәсіби компетенттілікті арттыру жұмыстары
жүргізіледі.
6.
Ұжымдағы, топ ішіндегі қарым-қатынаста жетілдіру арқылы моральдік-
психологиялық климаттың жақсы болуына жағдай жасалады.
7.
Ұжымдағы адамдардың психологиялық
білімді жетілдіруге, оны жеке
ӛмірлерінде қолдануға деген мотивацияның артуына қатысты шаралар
ұйымдастырылады.
8.
Мектепке дейінгі және орта білім беретін ағарту мекемелерінде педагогикалық –
психологиялық консилиум ұйымдастырылып тұрады.
Сонымен, психологиялық профилактика адамның
психикалық және тұлғалық
дамуында жайсыздықтың алдын-алуға бағытталған үздіксіз психологиялық жұмыс болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: