Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет51/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)

№ 12 дәріс. Психотерапия 
 
Дәрістің мақсаты: 
Студенттерге психотерапия жайлы мағлұмат беру.

 


Негізгі ұғымдары: 
Психотерапия, эмпатия, рефлексия, конгруэнттілік, рационалды 
терапия, логотерапия, гештальттерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг. 
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Психотерапия ұғымы.
2.Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия 
3. Әлеуметтік- психологиялық тренинг. 
 
 
Психотерапия- 
бұл адам психикасына бағытталған шаралар мен әсерлер жүйесі, 
психологиялық кӛмек формасы, сонымен қатар медициналық және практикалық 
психологияның саласы. Психотерапияны шартты түрде келесідей етіп бӛледі: жүйке-
психикалық, психосоматикалық ауруларды және адамдағы (пациенттегі) бұзылыстарды 
психологиялық құралдармен емдеуді қамтитын медициналық және сау адамға (клиентке) 
бағытталған немесе оның психологиялық қиындықтарын зерттеумен айналысатын 
медициналық емес.
Психотерапия мен психо коррекция туралы кӛзқарс уақыт ағымына байланысты 
ӛзгеріп отырады. Бұл практикалық тәжірибенің жинақталуымен, сонымен қатар 
практикалық психологияның теориялық негіздерінің дамуымен де анықталады. Кейбір 
авторлар психотерапияның маңыздылығына деген кӛзқарастардың динамикасын 
психотерапиялық жүйенің негізінде жатқан тұлға концепцияларының ӛзгеруімен 
түсіндіреді. Осы концепциялар онымен қоса психотерапия туралы кӛзқарастар соңғы 100 
жылда дамудың үш кезеңінен ӛтті. 
Ерте кезеңінде пациент жағдай құрбаны және емделу барысында пассивті болу 
керек деп есептелді. Фрейдтің айтуы бойынша, тұлға толығымен ерте балалық шағында 
дамиды, және одан ары қарай адамдар әрекеттерін тұлғасының түбінде жатқан нәрселерді 
сырттай кӛрсетеді. Бала балалық шағында тұлғалық дамудың пассивті обьектісі 
болғандықтан, ол психотерапия үрдісінде де сондай болып қалуы керек. Пациентті 
емдеуге жауапты жалғыз адам психотерапевт. Фрейд жауапты психотерапевті – 
хирургпен, ал пациентті операциялық үстелде жатқан аурумен салыстырған. Пациенттің 
ӛз ӛмірін ӛзгертуге тырысуы сағат тілін ӛзгертуге тырысумен бірдей. Дегенмен 
психотерапевтер пациентті терапияға пассивті қатысушы деп есептей отырып, ӛздеріне 
ауыр жүктеме алады. 
Осыны саналы түсіну психотерапия теориясының ары қарай дамуына алып келді. 
Бұл кезеңнің негізгі фигуралары: Карен Хорни, Гарри, Салливан және Эрик Фром болды. 
Бұл ғалымдар келесідей қорыиындыға келді, пайиенттің күнделікті белсенділігі оның ішкі 
күйінің кӛрініс беруіне қарағанда маңыздырақ. Пациент тұлғасының қалыптасуына оның 
ӛз әрекеттері күшті әсер етеді,-деген. Пациенттің қоршағандармен қарым-қатынасының 
ерекшелігі оның тұлғасына ықпал етеді деген теория тұлғааралық терапияда ерекше 
маңызға ие болды. Пациент не махаббатқа ие болады, не қоршағандарға үйрене алмайды. 
Ол олардың ӛзіне деген қатынасына жауап қайтарады. Ол қолдауды сезініп, ӛзін-ӛзі 
бағалауы жоғарылауы мүмкін, не адамның ӛзіне деген жағымсыз қатынасының 
нәтижесінен оқшауланады. 
Психотерапияның ортақ мақсаты науқастарға ойлауы мен мінез –құлықтарын 
ӛзгертуге, осылайша едәуір баққытты,ӛнімді болуға кӛмектесуде. Ол мақсатқа жету үшін 
терапевт неғұрлым жеке міндеттерді шешеді: 

науқастың проблемаларын жақсырақ түсінуге кӛмектеседі; 

эмоциялы үйлесімсіздікті жояды; 

сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды; 

науқасты проблемаларды қалайша шешуге болатыны жайлы жаңа идеялармен 
қамтамасыз етеді; 

ойлау мен мінез –құлықтың жаңа тәсілдерін терапевтік ситуациядан тыс 
тексеріп кӛруге кӛмектеседі. 


Осындай міндеттердің шешілуінде терапевт негізгі үш әдісті қолданады.
Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен науқасты 
кӛңіл қоя тыңдап, оған сын жағдайда есептелінген кеңес беруді білдіреді. Қолдау 
науқастың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға кӛмектесуде анықталады.
Екіншіден, бейімсіз мінез –құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа 
тәсілдерін қалыптастыру. 
Үшіншіден, ӛзін ӛзі ашу мен инсайтқа, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау –дамайлары 
мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету. 
. Феноменологиялық бағыт гуманистік деп те аталады. Эмоциялы бұзылыстар 
қабылдаудың бұрмалануынан немесе сезімдердің жеткілікті сезінілмеуінен тежелген 
қажеттіліктірдің ӛсуінің нәтижесі ретінде қарастырылуы бағыттың солайша бағалауының 
маңызды негіздемесі болып табылады. Гуманистік психотерапия терапия – дәрігердің 
жазып берген дәрі–дәрмегі емес әртүрлі адамдардың кездесуі деп тұжырымдайды. Ол 
науқастың табиғи ӛсуін қалпына келтіруге, ӛзінің шын мәніндегі келбетіне сәйкес және 
басқалардың ойынша қандай болуы тиіс екендігінен тәуелсіз қалай бола алатынын сезініп 
әрекет етуіне кӛмектеседі.
Феноменологиялық терапия да инсайттың туындауына ықпайл етеді, алайда мұндағы 
инсайт – бұл бейсаналы шиеліністердің емес дербес сезімдері мен түсіністіктердің сезілуі.
Роджерстің: шартсыз жағымды қатынас, эмпатия, конгруэнттілік атты таныма 
«триадасы» терапияның ең жақсы тәсілі болып табылады. Карл Роджерс 
психодинамикалық терапияда тәжірибеленуде биресми тұрғының едәуір тиімді екендігіне 
кӛзін жеткізіп, «бұйрықшыл емес терапияны» қолдана бастайды. Ол ӛзінің тарапынан 
бағыттамай, бағаламай, интерпретацияламай науқастарының не жайында және қашан 
айтатынын шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғы қазіргі кезде «клиентке орталықтанған 
терапия» деп аталады. Оның негізінде маңызды үш принцип жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет