Егер психолог ӛзінің мәселелерінің орнын толтырса, онда ол клиентті тыңдай алмайды.
Психотерапевт клиент үшін модель болып табылады, сондықтан да оның кӛңіл-күйі
болып жатқан ӛзгерістерді анықтайды. Мысалы, қабылдай алуға байланысты тәжірибесі
жоқ психотерапевт әрқашан мойындауды күтеді және оған клиент ұсынған
«замечательный доктор» ойынына қатысады.
Жауапкершілік принципі клиентпен тікелей жұмысты аяқтауына әкеледі, егер оны
аяқтаудың маңыздылығы оны жалғастырудың маңыз-дылығынан асып тұрса. Бұл
жағдайдың экономикалық, логикалық және адамгершілік негізі бар. Нақты ситуация
мынандай болуы мүмкін, тұлғаны тұтастай түзету жалған сияқты кӛрінеді, және
сеанстарды ары қарай жалғастыру уақыт пен құралдарды артық және ұтымсыз
шығындауға әкеледі. Егер клиентті келесі маманға, мысалы психиатрға жіберу керек
болса, психолог жұмысын тоқтатуы керек.
Психологтың жауапкершілігі оның клиентте негізсіз үмітті туындат-пауынан
кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: