№15 дәріс. Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Дәрістің мақсаты:
Психологиялық кӛмектің мақсаттарын, психологтың кәсіби қызмет
үлгісін студенттерге түсіндіру.
Негізгі ұғымдары:
психологиялық кӛмек, клиент, жұмыс жоспары.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Практикалық психологтың кӛзқарасы, тұжырымдамасы (концепциясы)
2.Практикалық психологтың ӛз кәсібіне кӛңіл аударуы және мән беріп, жауап қайтаруы
3.Практикалық психологтың мәдениетті түрде жемісті істі атқаруы.
Бұл мәселені талкылаудың қажеттлігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық
психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстылығында. Әрине, псилог ӛзі
толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық
психологтың әлеуметтік мәніне сай кӛптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның
жұмысының тиімділігінің кӛрінісі, мамандығының дәрежесі, айналып келгенде
практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Осыган орай, кӛптеген мәселелер
психологтардың барлық елдерде кеңінен таралуы кәсіби және әдептілік кодекстері
арқылы шешіледі. Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін,
оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айырықшаланып тұратын,
он түрлі негізгі кәсіби қызметінін сапасы, біздін ойымызша, оның жеке басының алатын
орнын нақты анықтауга және оның кәсіби дайындық барысындағы «Мен-
тұжырымдамасын» белгілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен ӛз
ісіне білікті психологтың кәсіби қызметінең тӛмендегідей белгілермен
айырықшаланатынын тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттеріндегі
материалдарға сүйенеміз.
Ісіне білікті психолог ӛзіне кӛңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап кӛрсететін
мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді.Ӛз ісіне білікті
психолог ӛзіне кӛңіл аударган адамға мақсаты айқын мәдени-ӛнімділік тұлга болу, яғни
жалпы мәдениет барысыда ӛмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін,
ӛміріне кӛзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сӛзбен
айтқанда,ӛз ісіне білікті психолог психологиялық тұргыда кӛмек кӛрсетуді ӛзіне кӛңіл
аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық кӛмек деп
қарастырады.
Ӛз ісіне білікті емес психолог ӛзіне кӛңіл аударган адамды тек ӛзінің жеке
мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана кӛздейді. Мысалы, психолог ӛзіне кӛңіл аударған
адамға ӛз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін кӛрсете алудың орнына немесе
ӛз ой түйіні арқылы ӛзіне кӛңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып,
мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.
Ӛз ісіне білікті емес психолог психологиялық кӛмек кӛрсету мақсатын ӛзінің «Мен-
тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сӛзбен айтқанда, ӛзіне қӛңіл аударған
адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның хұқықты қолдану жүзеге
асыруға ықыласты білдірмейді. Ӛз ісіне білікті емес психолог – бұл мақсатын кӛздейді,
ӛзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына,
мазасыздануына алып келеді.
Ӛз ісіне білікті психолог вербальды және вербальды емес кең кӛлемді мәселелер
мен жағдайлар барысында ӛз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар
аударуды таба білуі керек.
Ӛз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге
икемді емес.
Ӛз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға
беруге, тек ӛз пікірін айтуга ұмтылмайды.
Ӛз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып
кӛрінуі мүмкін.
Ӛз ісіне білікті психолог ӛз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет
етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің
мүмкін еместігін түсінеді, ӛйткені жұмыс барысында кӛптеген тұжырымдамаларды
түсініп, пайдалануға тырысады.
Ӛз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, ӛзінің
практикалық қызметіндегі жағдайларға кӛңіл аудара алмайды, ӛз жұмысын белгілі бір
шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған кӛп
жағдайда түсініксіз болып қала береді.
Ӛз ісіне білікті психолог кӛптеген ойларды, сӛздерді және ӛзінің мәдениет
тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға
тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени
бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның ӛзі ӛзіне кӛңіл
аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол
ашады және де мұның ӛзі ӛз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бӛлек ӛмір
жолын табуға мүмкіндік береді. Сӛйтіп, ӛз ісіне білікті психолог мәдени іс ӛнімділігін
«Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, ӛзіне кӛңіл аударған адаммен ӛзара
қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті кӛрсететін практикалық психолог
кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.
Ӛз ісіне білікті емес психолог «Мен» деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы
түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол ӛзінің мәдени
ӛнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандартты деп
түсінеді.
Ӛз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта кӛрініп тұрады.
Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және ӛзіне кӛңіл аударушының
маңыздылығына бірден кӛңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты
тапсырушыны, ӛзіне кӛңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы
бір-бірінен нақты ажырата алады.
Ӛз ісіне білікті психолог кәсіби қызметті барысында барлық қатысушылардың
жаупкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзіңде бір-бірінен дұрыс ажыратып
отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.
Ӛз ісіне білікті емес психолог құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық
ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.
Ӛз ісіне білікті психолог ӛзінің кәсіби қызметіне үнемі кӛңіл бӛліп, ӛз
мүмкіндіктері мен мамандық дәрәжесін дұрыс бағалай алады. Ӛз мүмкіндіктерін дұрыс
түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Ӛзіне ұқсас әріптестермен психиатрлармен,
терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен
бірігіп жұмыс істей алады. Ӛз ісіне білікті психолог ӛз жұмысына жеке басының «Мен
тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта ӛсудің бір
мүмкіндігі ғана деп санайды.
Ӛз ісіне білікті психолог ӛзінің кәсіби бағытта ӛсу мәселесіне ӛз әріптестерімен кәсіби
түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.
Ӛз ісіне білікті психолог ӛзіне кӛңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер
тӛңірінде жұмыс істеймін»- дегені оның ӛз ісіне жете білмейтіндігін кӛрсетпейді,
керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, ӛзі үшін де тәжірибе
жүзінде орынды үлгіні кӛрсетеді.
Ӛз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға
алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа ӛз ісіне білікті кәсіби
дәрежесін танытамын деп, ӛз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, ӛзінің
«Мен тұжырымдамасын» психологиялық ақпараттың қайнар кӛзі деп санайды. Оның бұл
мәселе тӛңірегіндегі кӛзқарасы: «психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр
кезеңде дұрыс, ӛйткені, мен солай деп санаймын»- деген сенімді ойда болады.
Ӛз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті ӛзіне кӛңіл аударған адамдарға әсер ете
алады, және де, керісінше клиенттің ӛзіне әсерін ӛз сезіміндей және мүмкіндігіндей,
ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Ӛз ісіне білікті психолог
мұны ӛзіне кӛңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер ету, бір-біріне ӛзара әсер ететіндігі
маңызды нәрсе, яғни мұның ӛзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде
болатын ӛзгерістерді кӛрсетеді.
Ӛз ісіне білікті емес психолог үшін тұлгааралық және ӛзара әсер етуде түсінушілік
болмайды. Ол ӛз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты
байқайды және кӛреді. Сӛйтіп, ӛз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын»
және оның дәрежесін жоғары қойып, кӛңіл аударған адаммен есептеспей, ӛзінің ойын
ерекше бӛліп кӛрсетуге тырысады. Ал, ӛз ісіне білікті психолог ӛзінің «Мен
тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен ӛзара әрекеттегі қосылу дәрежесін
бӛліп, айырықша атап қарамайды.
Психологтың жұмысында адамның жетістігі ӛзіндік құндылығымен сипатталады.
Ӛз ісіне білікті психолог үшін ӛзіне кӛңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның
сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде
пайдаланудағы аксиома болып табылады. Ӛз ісіне білікті психологтың жұмысының бір
кӛрінісі ӛзіне кӛңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.
Ӛз ісіне білікті емес психолог үшін ӛзіне кӛңіл аударған адамға сыйластық
кӛрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол ӛзінің жұмысы
барысында басқа адамдарға деген менмендік кӛрсетуге, керек болса мазақ ету
қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға
үстінен қарау позициясын кӛрсетуі ӛз кәсібін ӛте жоғары санауына икемді екенін
кӛрсетеді.
Ӛз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау
барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол кӛп жағдайда жалған пікірлермен
немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, ӛзінің мықтылығын айырықша
кӛрсеткендігін байқатады.
Ӛз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады.
Бұл жалпылама ғылыми білім ӛз жұмысының барысындағы жаңа теориялар мен жаңа
қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Ӛз ісіне білікті психолог оларды негізінде
психологиялық кӛмек кӛрсетудің ӛзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана
теорияны ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас кӛзқарастарды қабылдауға
икемділік танытып, ӛзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға кӛшуге
тырысады.
Ӛз ісіне білікті емес психолог бір гана ӛзіне танымалы теориямен жүруді кӛздеп,
альтернативтік ойларға кӛңіл аудармайды, ол басқа кӛзқарастарға жүйе ретінде талдау
жасай алмайды, басқаша айтқанда ӛз ісіне білікті емес психологтың қорытындылаған
теориясы ӛзінің жеке ойының нәтижесі емес.
Ӛз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны
шындықтық кӛрінісі деп түсінумен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық
тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс кӛріп байқайды және түсінеді. Ол теорияны
адамның мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты жетілдіретін және ӛзгертетін ,
ойлаудың тәсілі деп қарастырады. Осыған орай, ӛз ісіне білікті психологтың қатынасы ӛз
мәнерінде кез-келген теорияны ойлауда адам ӛмірінің психикалық шындығын, сондай-ақ
мәдени және жыныстық тиістіліктің шындығын бейнелейтін кезеңдерде бӛліп қарауға
негізделген. Басқа сӛзбен айтқанда ӛз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні
мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық
зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы
барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны ӛз теориясын қорытындылағанда
кӛрінетіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.
Ӛз ісінің білікті емес психолог әртүрлі теорияның авторларына қарсы шығып,
теорияның заты мен әдістерін жеке кӛрсете алмайды. Ол үшін ӛз теориясын басқа
авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Ӛз ісіне берік
психолог позициясы кәсіби рефлекске құрылады, ал ӛз ісінің берік емес психологтың
позициясы Мен-концепциясна құрылады. Мұны мына тӛмендегідей формуламен
кӛрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |