2. Конфиденциалдық. Практикалық психологияда сеанс барысында болғандарды
құпия ұстай білу маңызды принцип болып табылады. практикалық психолог және сол
сияқты кӛптеген іс-әрекет түрлеріне тән нәрсе-
кәсіби құпия- бұл дегеніміз мамандардың
тар шеңберіне ғана белгілі болуға тиіс белгілі бір мәлімет. Мұны клиенттің
қызығушылығы мен психологтың ӛзінің қызығушылығы талап етеді.
Бұл оңай міндет емес. Психологтың кәсіби коммуникация жүйесіндегі позициясы
мен дәрежесі келесідей, ол белгілі бір психологиялық мәліметті беруге тиіс. Осы жерде
персоналды мәліметке қатысты талап пайда болуы мүмкін. Психологтың кәсіби міндеті
оның клиен туралы мәліметті ӛзге бір адамдарға айтуына мүмкіндік бермейді. Бұл
принципті ата-аналармен жұмыс жасағанда да ескерген жӛн. Біріншіден психолог ӛзінің
клиентінің құқығын сақтайды және конфиденциалдық оның маңызды бӛлігі болып
табылады. Конфиденциалдық принципін ұстану маманға деген сенім тудырады және
жақсы қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар конфиденциалдықтың ӛзінің шегі болады, ол туралы клиентке
жұмыстың басында ескерту керек. Егер клиент ӛзінің ӛміріне, денсаулығына, жақсылық
немесе ӛзге адамдардың ӛмірлеріне қауіп тӛндіретіндей мәлімет айтса, психолог оны
жоюдың шараларын қолдануы керек. Мысалы, ӛзін ӛзі ӛлтіру, қылмыс немесе баланың
үйден қашуы туралы мәліметтерді психолог зейіннен тыс қалдыра алмайды. Клиенттік
мәселесі туралы мүмкін ӛзінің әріптестерімен, ең бірінші супервизормен сӛйлесетіндігі
туралы жұмыстың бастапқы кезеңінде хабарланып қойылуы керек. Конфиденциалдық
мәселесі әсіресе топпен жұмыс жасауда ерекше қарауды талап етеді. Психолог сенімді
атмосфера құра алатын топтық нормалардың қалыптасуына жауаты.
3. Эмпатия. Бұл принцип сол қалпымен қабылдауды қажет ететін клиентпен
қатынаста қолданылады. Адам не айтса да- олардың барлығ зейін қоюға тұрарлық.
Психолог адам мен оның мәселесін сол қалпында қабылдайды. Сол кезде клиент ӛзін
қабылдауға қабілетті болады. Бұл ситуацияның пародоксальдігі адам ӛзін қабылдай
отырып қана ӛзгере алатындығында.
Әрине психологтың ӛзінің адамзаттық, азаматтық және кәсіби құн-дылықтары мен
мұраттары болады. Ӛз құндылықтарының әмбебаптығының маңыздылығын кӛре тұра,
психолог клиент құндылықтарын жоққа шығармайды, тіпті ол ӛзінікінен де «жаман»
болып тұрса да клиентті ӛз сеніміне шақырмайды, сектант немесе миссионерге
айналмайды. Психолог «сопылық жолды» кӛрсетпейді. Практикалық психологтың бір
ғана мұраты бар- сау қызмет ету идеалы және тұлғаның ӛз ресурстарын саналы түсінуін
дамыту курсы. Психологтың позициясы кінаның ауырлығын бағалау, клиентті ақтау,
кеңес беру емес, тұлғалық дамуға кӛмектесу.