Ӛлексенің сыртын қарап шығу.
1.Ӛлексенің сыртқы түрі-қалай қарап жатыр, оң-сол жағында ма, бас,
мойыны, сирақ және дене орналасымы қандай. Дене бітімі –келісімді,
келісімсіз, мықты, әлсіз. Күйі-жоғары (семіз), ортадан жоғары, орташа,
ортадан тӛмен, жадау. Жас малдың даму дәрежесі-шамалы, қалыпты, жақсы.
Құрсақ конфигурациясы немесе жиектілігі-қабысқан, тегіс, кепкен. Салмағы,
дене ӛлшемдері-қажетті кезде.
2.Ӛлексе белгілері. Ӛлексенің салқындауы-қажетті жағдайда ӛлшейді.
Ӛлексенің сіресуі-жақсы, орташа, шамалы, дененің қай бӛлшектерінде.
Қанның ӛлекседе ауысуы-ӛлексе таңбалары, гипостаз, стаз, имбибиция
немесе тканьдерге сіңуі. Шіру-ӛлексе аутолизы мен шіріп ыдырау дененің
қай бӛлшектерінде.
3.Табиғи тесіктерден сұйықтың ағуы-ақпауы, сұйықтықтың сипаттамасы,
кӛзге кӛрінетін кілегей қабақтардың жағдайы ауыз қуысының, мұрын, анус,
қынап және каньюктива кілегей қабықтары-түсі, дымқыл, құрғақ, жылтыр,
жылтырамайды, тегіс, қатты.Сол кілегей қабық кӛрсеткіштерінің
сипаттамасы.
4.Сыртқы жапқыштар: жүн, шаш, қауырсыны-тегістей дамуы; қасқа болып
қалған жерлерінің мӛлшері, орыны; қалыңдығы, жылтырауы, мықтылығы,
ластану мӛлшері мен орны.
Терісі-бүтіндігі; жараланған, кесілген, тесілген жерлерінің мӛлшері, орыны,
дымқылдығы, иісі, жара, ісік, т.с.с. сипаттамасы.
Мұйіздері, тұяқ-тұқайлары, тырнақтары-қатты, жұмсақ, сынған,затылады,
ӛзгерген, түрі ӛзгермеген.
5.Терасты торшасы-жақсы немесе шамалы дамыған, май мӛлшері, майдың
түсі, құрғақтығы, дымқылдығы, тамырлардың қанға толуы, ісік, қанталау,
т.б.
6.Сыртқы жыныс мүшелері мен сүт безі-ұрғашы мал жырығының
ашылуы;аққан
сұйықтықтың
сипаттамасы,
кілегей
қабықтарының
дымқылдығы мен жылтырауы; аталық мал жыныс мүшелерінің
сипаттамасы-жыныс мүшесінің, күмек пен ұма жағдайы.
Сүт безі-сауылған, сауылмаған, түрі, кӛлемі, мӛлшері, жұмсақ, қатты,
бүтіндігі, жарланған болса-орыны, мӛлшері, жара жағдайының сипаттамасы;
сүт цистернасы мен сүт түтіктерінің жағдайы; сүт безі қан тамырларының
қанға толуы, т.б.
7.Сыртқы лимфатикалық түйіндері-шықшыт асты, желін үсті, жауырын
алды, тезе үсті қыртысындағы түйіндер: түрі, кӛлемі, мӛлшері, салмағы,
кӛлемі, консистенциясы (тығыз, жұмсақ, қатты), сыртқы және кескен жерінің
түстері, дымқылдығы, т.б.
8.Түкірік бездері – мӛлшері, салмағы, консистенциясы, сырт бетіндегі мен
кескен орынындағы түсі; бӛлшектену дәрежесі /суреті/, патологиялық
ӛзгерістер, т.б.
9.Қаңқа бұлшық еттері – даму дәрежесі /кӛлемі қалыпты не кішірейген/,
консистенциясы, сырт беті мен кескен орындарының түсі, бұлшық ет
арасындағы қосу тканьдерінің жағдайы, патологиялық ӛзгерістердің
мінездемесі.
10.Сүйектер,
буын
және жілік
– сүйек
жуандығы
/жуарған,
жіңішкерген/,мықтылығы, жиектілігі, сүйек үсті қабағы /тегістігі,
жылтырауы,түсі/;жілік майының жағдайы; буын жағдайы – жиектілігі,
қоршау тканьдері мен қажуласы,жылжымалығы; буын үсті /тегіс, жылтыр,
бүтін/;синиовалды сұйықтығының түсі, мӛлшері, сипаттамасы.
Жіліктер – мықтылығы, түсі, консистенциясы, жілік қынапиарының
жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |