230
61-есеп.
Баланың əжесі мен атасында қан топтары I топқа,
ал нағашы атасының қаны IV топқа жатады. Баланың қанының
тобының ІІ, ІІІ, ІV жəне I болуының ықтималдылығы қандай?
62-есеп.
Қаны I топқа жататын ер адам, қаны II топқа жататын
əйел адамға үйленеді. Əйелдің əкесінің қан тобы – I. Осы некеден
туатын баланың қаны I топ болуының ықтималдығы қандай?
63-есеп.
Егер шешесінің қанының тобы А, əкесінің қанының тобы
О болса, олардан қанының тобы В болатын бала туа ма? Жауабыңды
түсіндір.
64-есеп.
Кей адамдардың қанында антиген резусы оң (Rh+)
домидантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Кейбір адамдардың
қанында бұл антиген жоқ болғандықтан резусы теріс (rһ-) рецессивті
белгі ретінде ұрпақтарына беріледі. Ата-анасының екеуінікі де (rһ-)
резусы теріс болса, ата-анасының біреуінікі резусы теріс (rһ-),
екіншісінікі резусы оң (Rh+) болған жағдайда, осы некелерден туа-
тын балалардың қанының тобы қандай болуы мүмкін?
65-есеп.
Көздері қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала бар.
Олардың екеуінің көздері көк те, қан топтары I жəне IV, ал екеуінің
көздері қара да, қан топтары II жəне Ш. Қара көзділікті аутосомдық
доминантты белгі деп алсақ, осы отбасында қара көзді, I топты қаны
бар баланың тууы мүмкін бе?
66-есеп.
Пробанда – бала дальтоник, гемофилиямен ауырады, ре-
зусы теріс (rһ-), қан тобы I. Ата-анасы сау, көзі қалыпты көреді, резу-
сы оң (Rh+), қан тобы IV. Отбасының барлық мүшелерінің генотипін
анықтаңдар.
67-есеп.
Апалы-сіңлілі егіз қыздардың біреуінің қанының тобы
III, азу тістері жоқ (шешесінен берілген), екіншісінің азу тістері бар,
қанының тобы II. Ата-анасының қан тобы IV болған. Апалы-сіңлілі
қыздар бір жұмыртқа арқылы егіздер ме немесе əртүрлі жұмыртқалы
егіздерге жатама? Отбасының мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |