Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет13/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

2.1 Митоз
Митоз немесе кариокинез деген атауды В.Флемминг (1879-1882) 
саламандра терісіндегі жасушалардың ядросын толық зерттеу ба-
рысында атаған. Осы жұмысы арқылы Флемминг митоз кезіндегі 
хромосомалардың ерекшеліктеріне көптеген зерттеушілердің 
көңілін аудартты.
В.Флемминг митоз барысында хромосомалар ұзындық бойы-
мен бөлінетіндігіне назар аударса, ал Е. ван Бенеден (1883) жаңа 
жасушаларға тараған жас хромосомалар аналық хромосоманың 
барлық қасиеттерін толығымен қайталайтындығына көңіл бөлген. 
1884 ж. Э.Страсбургер митоздың профаза, метофаза фазала-
рын анықтап, оны фаза алдыңғы (про) жəне фаза кейінгі (мета) 
хромосоманың ыдырауынан кейінгі деп түсінген еді, алайда кейінгі 
цитологтардың анықтаулары бойынша, хромосомалар профазаға екі 
еселенген күйінде келетіндігі анықталған.
Дəл осы уақыттарда тұқым қуалаудың ядролық гипотезасы 
қалыптасты (В.Ру, 1883; О.Гертвиг, Э.Страсбургер, 1884).
1986 ж. Э.Вильсонның «Дамудағы жəне тұқымқуалаудағы жа-
суша» атты еңбегі арқылы цитогенетиканың ғылым түрінде өз 
қалыптасуын бастаған еңбегі жарық көрді. 
Жарық микроскопы арқылы жасушаны зерттеу үшін тұрақты 
немесе уақытша препараттар қолданылады. Жасушаларды арнайы 
бояғыш заттармен бояп немесе боямай да зерттеуге болады. 
Жасушаның ультрақұрылымын қарастыру үшін электронды 
микроскоп қолданылады, ол үшін жасушаларды бекітеді немесе 
фиксациялайды жəне бояйды немесе контрастайды. Ультражұқа 
кесінділерді электрондардың шоғыры арқылы қарастырады. Соны-
мен қатар сканерлейтін электронды микроскоп та пайдаланылады.
Бөлінуге кіріскен кез келген жасуша бірқатар өзгерістерге 
ұшырайды, сол өзгерістерден жасушалық цикл құралады. 
Жасушалық цикл төрт кезеңнен тұрады: синтезге дейінгі (G), ДНҚ 
синтезі (S), синтезден кейінгі (G) жəне митоз (М).


27
Көпшілік ағзалар үшін жасушалық циклдің ұзақтығы 10-нан 
50 сағатқа дейін болады. Митоздың дəл өзі жасушалық циклдің 
1/7-1/10 бөлігінен аспайтын уақытта өтеді. Мысалы, сүтқоректілерде 
М – 1,0-1,5 сағатқа, G – 8-12 сағатқа, G – 2-5 сағатқа, S – 6-10 сағатқа 
созылады. Төмендегі кестеде əртүрлі нысандардың жасушалық 
циклінің ұзақтығы келтірілген (С.Г. Инге-Вечтомов, 1989. 
бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет