Кілт сөздер: ашыған, ыстық сумен, анықтау, корреляция, көрсеткіш, өлшеу.
Кіріспе Арпа дәнінің құрамындағы ақ-уыз, крахмал мөлшері, альфа-бета
амилазаларының
белсенділігі өсімдіктің генотипіне байланысты екен-дігін Қазақстан ғалымдары өз
зерттеулерінде көрсеткен. Сыра өнеркәсібіне арналған арпаның ашытқылық сапасын
анықтауда екі әдіс қолданылды: кішкене ашығаннан соң ыстық сумен бөліп алып,
нәтижесін тура анықтау немесе корреляциялық көрсеткіштерін өлшеу арқылы анықтау.
Сұрыптауға алынған үлгілерді жалпылай бағалауда аз көлемдегі үлгілерге жылдам талдау
жұмыстарын жасаудағы әдіс қажет. Сыра өнеркәсібіне қажетті арпаның сапалы генотипін
табуда дәлдік әдістердің ішінде ең қолайлысы сулы экстракттың мөлшерін анықтау болып
табылады. Қоршаған ортаның дән құрамындағы В-глюканасына және 1000 дәннің
салмағына әсер еткендей, сулы экстракттың шығуына да әсері өте зор. Арпаның өсу
ортасына қарай дәндерді ыстық сумен бөліп алуда сулы экстракттың шығуы құбылмалы
болады, бірақта бұл әдіс арқылы төменгі сапалы үлгілерді сұрыптау жұмыстарынан алып
тастауға мүмкіндік береді. Арпа дәнін ашыту барысында ұлпа қабықтарын және
эндоспермадағы ақ-уыз матрикстерін үзетін заттар түзіледі де, ашытқы ферментациясын
ыстық сумен айырып алғаннан кейін спирттің түзілуіндегі қарапайым қантқа айналуын
жеңілдетеді. Қазақстанда ерекше көрініске ие 50 жаздық және күздік арпаның сортарына,
ҚазЕжӨШҒӨ Орталығындағы баламалы сорт сынау танаптарынан 36 үлгі, Түркменстан
125
және Израилден 14 жергілікті сорттарына (1996-1998 ж.ж.) Абугалиева А.И сыра
өнеркәсібіне қажетті арпаның сапасын бағалаған[1].