Қорытынды Бидай сорттарының қоңыр тат ауруына төзімділігі мен өнімділігін зерттеу
нәтижесінде Тома сорты басқа сорттармен салыстырғанда едәуір биік, түптің өнімділігі
жоғары және масақша саны бойынша жоғары көрсеткішке ие болды. 1000 дәннің салмағы
бойынша Булава (50,52 г.) сорты жоғары көрсеткіш көрсетті. Зерттелген сорттардың
сорттық артықшылығы да қосымша өнім алуға ықпал етеді. Бидай сорттарының ішінде
өнімділігі жағынан ең жоғарғы көрсеткішті Целинная 26, Тома және Омская 37 сорттары
көрсетті. Ал, қалған сорттар орташа өнімділікке ие болды. Қоңыр татқа төзімділігі бойынша
Байтерек, Тома және Дарья сорттары орташа төзімді деп танылды. Зерттеу нәтижесінде
анықталған жоғары өнімді және тат ауруына төзімді болған бидай сорттарын Шығыс
Қазақстан облысының Үржар ауданында кеңінен өсіруге ұсынылады.