Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде бидай сорттарының фенологиялық
көрсеткіштері анықталды. Сорттардың вегетативтік мүшелерін қалыптастыруларының
ерекшеліктерін зерттеу мақсатында жаздық бидай сорттарының өсімдіктерінің биіктігі
өлшеніп, салыстыра отырып, талдау жасалды (кесте 1).
Кестеде көрсетілгендей зерттелген өсімдіктердің биіктігі бойынша бидай
сорттарының арасында айырмашылықтар байқалады. Бидай сорттарының өсімдіктерінің
бойының биіктігін салыстыру кезінде өсімдік биіктігі бойынша аудандастырылған Омская
37 (77,22 см) сортымен салыстырғанда, Тома (78,07 см) сортының өсімдігінің биіктігі 0,85
см-ге биік болды. Сонымен қатар Целинная 26 сортында өсімдіктің биіктігі – 74,0 см болды.
Ал өсімдіктің бойының аласа болуымен Байтерек сорты ерекшеленді. Әрбір сорттың
өнімділігінің
қалыптасуы
бірқатар
құрылымдық
элементтердің
қалыптасу
ерекшеліктерімен байланысты болады. Мұндай өнімнің құрылымдық элементтерінің
қатарына: ору алдындағы 1 м
2
жердегі өсімдік саны, өсімдіктің жалпы және өнімді түптену
коэффициенттері, бір масақтағы орташа дән саны, 1000 дәннің салмағы жатады. Бұл
көрсеткіштердің қалыптасуы дақылдың ерекшеліктеріне байланысты және олар тұқым
қуалайтын белгі болғандықтан дақыл сорттарын сипаттайтын белгі болып табылады.
Өсімдіктердегі түптің өнімділігі бойынша зерттелген бидай сорттарының арасында едәуір
айырмашылықтар байқалды. Тома (3,87 түп) сорты өнімділігі жағынан ең жоғарғы
көрсеткішті көрсетсе, Целинная 26 (3,83 түп) сорты да айтарлықтай жоғары
Кесте 1. Бидай сорттарының шаруашылық құнды белгілеріне құрылымдық талдау жасау, 2016-2017 жж.
Сорт атаулары
Өсімдіктің
биіктігі, см
Түптің
өнімділігі
Масақтың
ұзындығы,с
м
Масақтағы
масақшаның
саны, шт
Масақтағы
дәндердің
саны, шт
Масақтағы
дән
салмағы, г
Өсімдіктегі
дән
массасы, г
1000 Дәннің
салмағы
Қоңыр тат
ауруына
төзімділігі
Байтерек
63,06±0,38
2,97±0,02
7,80±0,71
10,12±0,02
39,73±0,15
1,60±0,02
4,76±0,08
40,36±0,67
MR
Саратовская 29
68,53±0,41
3,39±0,14
8,34±0,21
11,00±0,05
37,08±0,22
1,48±0,06
5,03±0,10
40,00±0,50
MS
Целинная 26
74,00±0,51
3,83±0,18
7,94±0,33
13,08±0,43
42,74±0,24
1,93±0,06
7,40±0,56
45,24±0,58
MS
Тома
78,07±0,13
3,87±0,08
8,56±0,40
12,71±0,24
40,55±0,27
1,74±0,10
6,72±0,30
42,92±0,84
MR
Дарья
68,05±0,54
3,59±0,15
9,23±0,10
12,22±0,25
43,83±0,10
2,00±0,05
7,34±0,13
45,70±0,17
MR
Омская 18
71,20±0,06
3,22±0,10
7,85±0,14
12,44±0,23
41,38±0,18
1,84±0,14
5,93±0,61
44,47±0,56
S
Омская 37
77,22±0,30
3,57±0,10
8,41±0,19
12,63±0,21
38,23±0,13
1,65±0,10
5,90±0,39
43,15±0,66
MS
Булава
64,91±0,04
3,59±0,17
9,71±0,12
11,14±0,24
38,47±0,39
1,94±0,01
6,98±0,35
50,52±0,66
MS
*Ескерту – R-төзімді; MR-орташа төзімді; MS-орташа сезімтал; S-сезімтал
132
көрсеткішке ие болды. Булава және Дарья сорттарының түптерінің саны бір дәрежеде
екендігін байқауға болады. Ең төменгі өнімділікті 2,97 түп болған Байтерек сорты көрсетті.
Бидай сорттарын зерттеу нәтижесі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады.
Шаруашылық құнды белгілерін талдай келе, ең жоғарғы көрсеткіш көрсеткен Тома сортын
егін алқабына өсіруге ұсыныс жасалынады. Бидай сорттарының масақтарының ұзыңдығы,
негізгі масақтың ұзындығы бойынша бидай сорттарының арасында айырмашылықтар
байқалды. Омская 18 сорты қоңыр тат ауруына сезімталдық танытты. Булава сорты
масағының ұзындығы ең жоғары көрсеткішке ие (9,71 см), сонымен бірге Дарья (9,23 см)
және Тома сорты (8,56 см) масақтарының ұзындықтары жоғары болды. Ал масағы ең қысқа
сорт Байтерек (7,80 см) сорты. Бидай сорттарының масақтағы масақшаларының саны
бойынша Целинная 26 (13,0 дана) сортының масақша саны жоғары, яғни бұл сорттардың
өнімділігі жоғары болады деп тұжырымдауға негіз бар. Масақшаларының санынының
төмендігімен Байтерек сорты анықталды. Бидай сорттарының масақтарындағы дәндерінің
санау мақсатында бидай өсімдіктері тамырымен жұлынып әкелініп, олардың
масақтарындағы дәндері есептелді. Дарья, Целинная 26 және Омская 18 сорттары
масақтағы дән саны бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсетті (43,8, 42,7 және 41,4 дана). Ең
аз көрсеткішті Саратовская 29 сорты (37,0) көрсетті. Бақылаудағы сорттардың 1 масақтағы
дән саны 37 дана болды. Алынған деректерге сүйене отырып, 1 масақтағы дән санының
орташа көрсеткіштері бойынша Дарья, Целинная 26 және Омская 18 сорттарынан көп өнім
алуға болады. Масақтағы дән салмағы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Дарья (2,0 г.)
сортында байқалса, ал ең төмен көрсеткіш Саратовская сортында (1,48 г.) болды.
Өсімдіктегі дән салмағы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш (7,4 г.) Целинная 26 және Дарья
сортында байқалса, ал ең төмен көрсеткіш Байтерек сортында (4,76 г.) болды. Шаруашылық
құнды белгілерінің маңыздыларының бірі 1000 дәннің салмағы. Бұл белгі бойынша Булава
(50,5 г.) ең жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр, ал ең төмен көрсеткішпен Саратовская 29
сорты ерекшеленді (40,0 г.).
Қоңыр татқа төзімділігі бойынша Байтерек, Тома және Дарья сорттары орташа төзімді
деп танылды, ал Саратовская 29, Целинная 26, Омская 37 және Булава сорттары орташа
сезімталдық көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |