177
Өнімділік элементтерінің ішіндегі ең маңызды көрсеткіштердің бірі 1000 дәннің саны,
осы көрсеткіш бойынша сорттың өнімділігі, қолданған шаралардың тиімділігі есептеледі.
1000 дәннің саны бойынша бірінші себін мерзімінде – 147 дана, екінші себін мерзімінде –
149 дана, ал үшінші себін мерзімінде – 144 дананы құрады.
Сонымен өнімділік элементтерінің көрсеткіштері бойынша себіннің үш
мерзімде
себілуі бойынша ең қолайлы себін уақыты деп мамыр айының басындағы себін мерзімі
танылды.
Зерттеу жұмысының келесі кезеңінде 2017-2018 жылдары себу мерзіміне байланысты
майбұршақ дақылының өнімділік көрсеткіштері анықталды (сурет 5). Себу мерзімі үш
мерзімде себілді, 20 сәуір, 3 мамыр және 13 мамыр. Зерттеудің бірінші жылында, яғни 2017
жылы 2018 жылға қарағанда өнімділіктің жоғары болғанын диаграммадан көруге болады.
Бұл жағдайды 2017 жылдың климаттық жағдайларының, нақтырық айтқанда ылғалдылық
деңгейініің мол болуы майбұршақ дақылы үшін қолайлы болды деп тұжырымдауға болады.
2017 жылы бірінші себу мерзімінде майбұршақ дақылының өнімділігі – 29 ц/га,
екінші
мерзімде сбеілген жағдайда – 30 ц/га, ал кеш себу мерзімінде – 27 ц/га құрады. Ал 2018
жылы бірінші және екінші себу мерзімінде бірдей көрсеткіш, яғни – 26 ц/га құрады. Екінші
себу мерзімінде – 27 ц/га өнім берді.
Достарыңызбен бөлісу: