Сборник международной научно-практической


Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау



Pdf көрінісі
бет241/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау 
Майбұршақ дақылының себу мерзіміне байланысты өнімділігін зерттеу барысында 
оның фенологиялық көрсеткіштерін де анықтаудың маңызы зор. Өсімдіктің биіктігін 
анықтау өсімдіктің өсуінің әртүрлі кезеңдерінде жүзеге асырылды (сурет 2). Бірінші себу 
мерзімінде өсімдіктің биіктігі бұтақтану кезеңінде – 28 см, гүлдену кезеңінде – 59 см, ал 
пісу кезеңінде – 113 см болды. Екінші себу мерзімінде өсімдіктің биіктігі бұтақтану 
кезеңінде – 32 см, гүлдену кезеңінде – 88 см, ал пісу кезеңінде – 99 см болды. Үшінші себу 
мерзімінде өсімдіктің биіктігі бұтақтану кезеңінде – 28 см, гүлдену кезеңінде – 60 см, ал 
пісу кезеңінде – 111 см болды. 
Сурет 2.
Майбұршақ дықылының әртүрлі себін мерзімініің өсімдіктің әртүрлі даму 
кезеңіндегі өсу динамикасы, см. 
0,0
20,0
40,0
60,0
80,0
100,0
120,0
Бұтақтану
Гүлдену
Пісу
20.04.
03.05.
13.05.


176 
Майбұршақ дақылының себу мерзіміне байланысты вегетация кезеңінің ұзақтығы 
есептелді (сурет 3). Бірінші себу мерзімінде – 109 күн, екінші себу мерзімінде – 105 күн, ал 
үшінші себу мерзімінде – 104 күнді құрады. Майбұршақ дақылының вегетациялық 
кезеңінің ұзаруы бірінші себу мерзімінде байқалды. Бұл тұқым ерте себілген жағдайда 
топырақтың жылулығы жетіспегендіктен тұқымның өнуі кешеуілдейді деп тұжырым 
жасауға болады. Жалпы зерттелген сорттың вегетациялық кезеңі 104-105 күнді құрады. 20 
сәуірде себілген өсімдіктің вегетациялық кезеңі 13 мамырда себілген өсімдіктің 
вегетациялық кезеңінен 5 күнге ұзақ болды.
Майбұршақ дақылының өнімділігін анықтау мақсатында өнімділік элементтеріне 
талдау жасалынды. Өнімдік элементтерінің құрамдас бөліктері ретінде өсімдіктің саны 
(дана/м
2
), жанама өркеннің саны, бір өсімдіктегі бұршақ қабының саны, бір өсімдіктегі 
дәннің саны және 1000 дәннің салмағы есептелді (сурет 4). Өсімдіктердің саны бірінші себу 
мерзімінде 47 дана/ м
2
, екінші себу мерзімінде 52 дана/ м
2
, ал үшінші себу мерзімінде 45 
дана/ м

құрады. Өсімдікке қолайлы орта тууына орай, жанама өркен қалыптасты. Жанама 
өркеннің саны бірінші себу мерзімінде – 2,5 дана, екінші себу мерзімінде 2,7 дана және 
үшінші себу мерзімінде 2,5 дананы құрады. Бір өсімдіктегі бұршақ қабының саны бірінші 
және үшінші себу мерзімінде 45 және 46 дана болса, екінші себу мерзімінде 55 дананы 
құрап, максимальды көрсеткішке ие болды. Бір өсімдіктегі дәннің саны бұршақ басының 
санына тәуелді көрсеткіштердің бірі. Сәйкесінше бірінші және үшінші себін мерзімінде 125 
және 130 дананы құраса, екінші себу мерзімінде ең көп көрсеткіш 145 дана болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет