Зерттеу нысаны мен әдістері
Зерттеу жұмысы Алматы облысы Алмалыбақ ауылындағы ҚазЕжӨШ ғылыми-зерттеу
институтының тәжірибелік жер мөлтектерінде жүргізілді. ҚазЕжӨШ ҒЗИ Іле Алатауының
бөктерінде орналасқан, теңіз деңгейінен 740 м биік, климат жағдайы күрт-континентальды.
Жалпы жылдық ылғалдылық деңгейі – 517 мм. Оң температураның жалпы мөлшері – 3500-
4000°С. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері – 516,7: қыста – 94,1 мм, көктемде –
177,5 мм, жазда –158,8 мм және күзде – 94,1 мм.
Зерттеу жұмысына ҚР өндіріске рұқсат етілген, ҚазЕжӨШ ҒЗИ шығарған Жaлпaқcaй
сорты алынды.
Сорт Укрaинaның Суaрмaлы eгiншiлiк ғылыми-зeрттeу инcтитутымен
бiрiгiп шығaрылған. Жeкe cұрыптaу тәciлiмeн шығaрылғaн coрт. Eртe пiceді, вeгeтaциялық
кeзeңi – 97 тәулiк. Caбaғы тaйып қaлмaйды. Дәнiнiң өнiмдiлiгi 38-40,5 ц/гa. Дәнiндe aқуыз
мөлшeрi 41-42%. 2010 жылдaн бacтaп aудaндacтырылып, өндірісте қолданылып келеді.
Себін жұмыстары 2017-2018 жылдары үш мерзімде 20 сәуір, 3 мамыр және 13 мамыр
күндері Б.А. Доспехов [6] әдістемесі бойынша жүргізілді. Тәжірибедегі агротехника
әдістемелік нұсқау бойынша жасалды [7]. Фенологиялық бақылаулар W.R. Fehr және C.E.
Caviness [8], құрылымдық талдау – Н.И. Корсакова [9] әдістемелері бойынша жүргізілді.
Шаруашылық құнды белгілерін құрылымдық талдау мақсатында өсімдіктің биіктігі, 1
шаршы метрдегі өсімдіктің саны, жанама өркеннің саны, бір өсімдіктегі бұршақ қабының
саны, бір өсімдіктегі дәннің саны және 1000 дәннің салмағы өлшенді. Әрбір зерттеу
жұмысы 3 қайталаным арқылы жасалды. Алынған деректерді статистикалық өңдеу
жұмыстары Excel бағдарламасын қолданып, жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |