Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет258/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Кілт сөздер: 
топырақ, дымқылдау, танап, суару, өндеу қабаты, тереңдігі. 
 
 
Кіріспе 
Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық-жер 
шарындағы халықтың негізгі азық-түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар-өңдеу 
өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндіру, крахмал т. б.). Дүние жүзі 
егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Оның егіс 
көлемі 220 млн. га, немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 28,9%. Дәнді 
дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа т.б. да маңызы зор. Астық өндірісін 
арттыру – біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің агроөнеркәсіптік құрамын 
дамытудағы басты проблема. Бұған халық қажетін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен 
мал шаруашылығын дамыту тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасында дәнді 
дақылдардың 65% алты солтүстік облыстарында – Көкшетау, Қостанай, Солтүстік 
Қазақстан, Павлодар, Торғай және Целиноград облыстарында шоғырланған: орта есеппен 
1986-1990 жылдарда ол 15 млн. га болды [1]. 
Топырақтың құнарлылығың қабаты онша қалың болмаған жағдайда жерді сол 
гумустық қабаттың тереңдігіне толық жыртады, ал қалған 10-15 см терендікті қопсыту үшін 
қосымша топырақ терендеткішті қолданады, сонда жердің астыңғы қүнарсыз қабаты танап 
бетіне аударылып шығарылмайды. Танапты сүдігерге өндеу көктемде жер жыртумен 
салыстырғанда отамалы дақылдардың түсімін жоғарылататындығын ғылыми-зерттеу 
жүмыстары айқын көрсетті. Мысалы, академик В.Р.Вильямс атындағы бұрынғы Қазақ 
ғылыми-зерттеу егіншілік институтының, бүгінде «Өсімдік және егіншілік шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу орталығының» көп жылдық зерттеулері бойынша қант қызылшасын күзде 
сүдігерге терең өнделген танапқа сепкенде көктемде жыртылған жермен салыстырғанда 
оның әр гектардан түсімі 75-150 центнерге жоғарылаған [2]. 
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында орналасқан ғылыми-зерттеу мекемелері мен 
шаруашылықтардың көп жылдық тәжірибелері сүдігерді жердің қыртысын аудармай өңдеу 
дұрыс екендігін дәлелдеді. Бұлай еткенде құба топырақтардың агрофизикалық қасиеттері 
(тығыздығы, агрегаттық құрамы) жақсарады, танап бетінде аңыз және басқа өсімдік 
қалдықтары сақталады. Қазақ өсімдік және егіншілік шаруашылығы орталығының көп 
жылдық 
(1979-1990 
жылдар) зерттеулерінің 
нәтижесі 
сүдігерді 
жазықтабан 
сыдыратілгіштермен өңдегенде топырақтың тығыздығы аздап артатындығын көрсетті. 
Мысалы, сүдігерді қайырмалы соқамен 20-22 см терендікке жыртқанда егін себер 


191 
алдындағы топырақтың 0-30 см қабатындағы көлемдік массасы 1,26 г/см
3
, ал арпаның 
масақтану фазасында 1,27 г/см 
3
болса, жерді жазықтабан сыдыратілгіштермен 20-22 см 
және 10-12 см терендіктерге өңдегенде әлгі көрсеткіштер осыған сәйкес 1,28-1,29 г/см
3
аралығында қалыптасты, яғни өңдеу терендігін азайтқанда, топырақтың 0-10 см қабатының 
көлемдік массасы 0,02-0,03 г/см
3
көбейді [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет