Сборник международной научно-практической


Зерттеу нысаны және әдістері



Pdf көрінісі
бет259/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеу нысаны және әдістері
Тікелей егу – бұл топырақты өңдеусіз, аудармай дән себу әдісі. Қазіргі егіншілік 
саласында топырақты механикалық өңдеу жүйесі мен әдістерін жетілдіруге көп мән беріліп 
отыр. Өйткені, бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып, энергетикалық 
және еңбек шығындарын төмендетіп, кең ауқымды өнім алудың алғы шарттары болып 
табылады.
Зерттеу нәтижелері және талқылау
Осы заманғы егіншілік жүйесінің негізгі буыны – топырақты өңдеу. Оны ғылыми 
негізде дұрыс жүргізу - өсімдік талаптарына жауап бере алатын және топырақ құнарының 
артуына мүмкіндік беретін топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына аса қолайлы 
жағдай жасайды. Егіншіліктің өсіп келе жатқан мәдени деңгейі, оны қарқынды дамыту, 
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясын жетілдіру –осының бәрі 
топырақты өңдеу жүйесі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуді талап етеді. Әртүрлі елдердің 
ғалымдарының жүргізген көптеген зерттеулері үнемді және нөльдік өңдеудің тиімді екенін 
анықтап, бұл тәсілдің топырақтағы ылғал қорының сақталуына, топырақтың эрозиядан 
бүлінуден қорғауға, сонымен бірге энергетикалық және қаржылай шығындардың едәуір 
қысқаруына мүмкіндік жасайды деген тұжырымға келіп отыр [4].
Топырақты үнемді өңдеудің теориялық және практикалық негіздемесін жасау – 
егіншілік жүйесін жетілдірудегі аграрлық ғылымның зерттеудің негізгі бағытына ие. Адам 
еңбегінің топыраққа әсерінің күшеюі, оны әртүрлі эрозиялардан қорғау мәселесінің 
өзектілігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Топырақты қайырмасыз өңдеу шынында да 
жан баспаған тың бағыт екендігіне егіншілердің көзін жеткізді. Топырақ қабатын аудармай 
терең жыртқан кезде егілетін дақылдың белгілі өлшеміне тиетін топырақ қыртысының 
көлемі молайып, өсімдіктің қорек алатын жер көлемі кеңейеді, соның нәтижесінде топырақ 
жамылғысының шығымдылығы артады. Егіншілік жүйесінің мамандарына тәжірибесін 
қалай болса, солай қолданбай, әрбір жердің топырақ қыртысы мен климат жағдайына 
ыңғайлай отырып, қайырмасыз өңдеудің өзіндік жүйесін жасауды ұсынған болатын. Тағы 
бір айта кететін мәселе, ол бір жылдық өсімдіктің топырақ құнарлығын арттыра алатынын 
білгендіктен біздің енді оны сақтап қана қоймай молайта түсуге де мүмкіндігі бар екенін 
көрсеткен, сөйтіп өсімдіктерге қолайлы жағдай жасаған кезде мұны толық жүзеге асыруға 
болатындығын мәлімдеген. Сонымен қатар жерді жыртқанда немесе оқта-текте ғана әрі 
қайырмасыз жыртқан кезде, онда топырақ құнарлығын арттыруға әлдеқайда мол 
мүмкіншілік бар екенін тұжырымдады. Бұрын мол өнім болған сайын, топырақтың 
құнарлығы кеміп, жер аза түседі деген ұғым қалыптасқан болатын.Өнім жоғары болған 
сайын топырақта органикалық заттар молырақ қалады. Өйткені өсімдік мықты да қалың 
болып өскендіктен, оның тамыр жүйесі де күшті дамып аңызда сабақ және тамыр 
қалдықтары көбірек қалып, топырақты белгілі дәрежеде органикалық заттармен байыта 
түседі деп түйіндеген [5]. Өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті факторлар (ауа, жылу, физико-
химиялық орта, су, қоректік элементтер мен т.б. жағдайлар) және оларды қалыптасты-
ратын топырақ қасиеттерін – құнарлылық дейді. Адамзат топырақтың құнарлылығына 
ежелден көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теориялық негізі бірден жасалған жоқ. 
Топырақ құнарлылығы түгелімен қарашіріндіге байланысты, суды есептемегенде, 
қарашірінді -өсімдік үшін басты қоректік зат, сондықтан көң төгу, ауыспалы егіс енгізу, 
тыңайтқыш беру жұмыстары топырақтағы қарашірінді мөлшерін көбейтуге арналуы керек. 
Жыртылатын қабаттың құнарлылығы бойынша дифференциялануы –аймақтық ерекшелік 


192 
емес, топырақтың барлық түрлеріне тән жалпы биологиялық заңдылық. Қоректік заттардың 
кездесуіне байланысты жыртылатын қабаттың дифферен-цияланатыны анықталды. 
Жоғарғы (0-7 см) қабатта микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасалып
құнарлылыққа байланысты жыртылатын қабаттың әртүрлі сапалығы болады дейді. 
Микробиологтардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, биологиялық процестер 
топырақтың ең жоғарғы қабатында жақсы жүреді. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін 
қалыңдығы 0-7см топырағы бар ыдыста өсіріп, 14-21см қалыңдықтағы топырақпен 
салыстырғанда өнім екі-үш есе жоғары болатынын дәлелдеген. Бұдан жасайтын 
қорытынды, жыртылатын қабаттың құнарлылығының тиімділігі бойынша әртүрлі сапалы 
бөлімдерге бөлінеді. Топырақтың биологиялық белсенділігі жыртылатын қабаттың 
жоғарғы және төменгі қабаттарын араластыру нәтижесінде болады [6]. 
Топырақ құнарлылығын 2 түрге бөледі: потенциалды және тиімді. Топырақта өсімдікке 
қажетті элементтер көп болуы мүмкін, дегенмен ол көп өнім алуға кепілдік бола алмайды. 
Өсімдікке керекті элемент топырақта сіңімсіз түрде болып, жиналатын дақылдың өсуін 
тежейді. Бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы «потенциалды» болып келіп, оны өңдеген 
кезде ол «тиімді құнарлы» топыраққа айналады, ал бұндай топырақтан көп өнім алуға 
болады. Қара топырақ сияқты бай, тың жерді зерттеген кезде, өңделмеген топырақтан аз 
өнім алынған.
Көптеген шет елдер ғалымдарының зерттеулерінде тұжырымдалғандай, үнемді және 
нөлдік технологияның тиімділігі дәлелденіп отыр. Бұл технологияны Канада елінің батыс 
провинцияларындағы далалық жақсы кәрізді топырақтарда көп қолданысқа енген. Ал, 
ылғалы көп ауыр сазды топырақта бұл тәсіл жарамсыз. Америка ғалымдары топырақ 
бетінде 25% кем емес аңыздық өсімдік қалдықтарын қалдыра өңдеудің кез-келген түрін 
консервілеуші - деп есептейді. Аңыздар мен өсімдіктер қалдықтарынан жабындылаудың 
АҚШ мен Канаданың шөлейт аймақтарында жер жырту кезіндегі мәнісі өте жоғары 
бағаланады. Бұл әдіс аталмыш елдерде жүгері буданынан кейінгі аграрлық ғылымының 
үлкен жетістігі деп мәлімдейді. Шет мемлекеттің ғалымдары және басқалары көрсеткендей, 
ұзақ уақыт тәлімді жерлердегі егіншілік жүйесінде жыртпай өңдеу тәсілі басқа әдістерден 
жоғары бағалануда, өйткені бұл тәсіл топырақ құнарын көтеріп топырақтың бүлінуіне жол 
бермейді. Ұзақ уақыт жерді жыртудан бас тарту топырақты эрозиядан сақтайды, 
инфильтрация дәрежесі күшейеді, ауа мен судың ластануы төмендейді. Ал, бұл қоғамға 
экологиялық таза және сапалы тамақ өнімдерін береді деген сөз [7]. 
Үнемді және нөлдік технологияның тиімділігі Қостанай мен Көкшетау облыстарының 
үлкен өндірістік егіс даласында қолданылып, кең қолданысқа ие болды. Тәлімі аймақтағы 
басты міндет – топырақта ылғал қорын жинау. Қазіргі таңда егін шаруашылығында 
топырақты өңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар 
болсақ, ауыл шаруашылығы дақылын өсіруде жалпы технологиялық процестерге 
жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысынан да көбі осы топырақты өңдеудің 
еншісінде. Сондықтан, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінде ауыл 
шаруашылық дақылын өсіруде топырақты минималды өңдеуге немесе қарапайым тілмен 
айтқанда «топырақты жеңіл өңдеу» тәсілі кеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда 
тіпті танапты күзде өңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері анықталып отыр [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет