Кіріспе Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты, әрі сапалы өнім алуды
қамтамасыз ететін басты фактордың бірі болып саналады. Сонымен бірге тыңайтқыш
өсімдіктің ауа-райының қолайсыз жағдайына карсы тұру қабілетінің күшеюіне әсер
етеді[2].
Тыңайтқыштармен жүргізілген инновациялық тәжірибелердің нәтижелерін талдау
тиімді қолданылған минералды тыңайтқыштардың мөлшерін бір деңгейде сақтауға, тіпті
кейде көтеруге мүмкіндік туғызады. Бір ғана минералды тыңайтқыштар енгізу топырақ
шіріндісінің мөлшерін арттырмайды, оның алғашқы деңгейін қамтамасыз етеді[3].
Әсіресе, жаңа инновациялық технологияларының негізгі буындары топырақ
шіріндісінің түзілу процесінде өсімдіктердің аңыздық қалдықтарын шірітудегі
бактериялардың, саңырауқұлақтар мен балдырлардың белсенділігін арттыруда азоттың
алатын орны ерекше[4]. Ал осы элементтің жетімсіздігінен органикалық заттардың
минералдануы баяуласа, азотпен салыстырғанда фосфор тыңайтқыштары шіріндінің
сапалық құрамын жақсартуда өте қолайлы әсер етеді. Егістікте пайдаланылатын
тыңайтқыштардың мөлшерін анықтаудағы негізгі белгісі – топырақтың қоректік элемент-
термен қамтамасыз ету өзекті мәселе [5].